Қарағанды облысы

АЯҚҚАМЫР КЕСЕНЕСІ

Ұлытау өңірінде орналасқан Аяққамыр кесенесі Орталық Қазақстанның аумақты ескерткіштерінің бірі. Алдыңғы беті П әрпі сияқты жиектеліп, монумент портал түрінде әшекейленген. Кіретін қуыс түзу аркамен жабылған. Күмбезі күйдірілген кірпіштен қаланып, жарты оюлармен әшекейленген тақталармен қапталған. Шаршы негізден бұрыштарын кеміте қалау арқылы күмбез шығарылған. Архитектура құрылымы мен безендірілуі IX — XI ғасырлардағы құрылыстарға тән. Жергілікті халық арасында бұл кесенеге қатысты көп аңыз тарала қоймаған. Әлкей Марғұланның пайымдауынша Алтын Орда дәуірінде мазар Темір Құтылыққа арнап салынған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button