Қарағанды облысы

АЛТЫН ШОҚЫ

Алтын шоқы – Ұлытау жотасында (Қарағанды облысы) Әмір Темір (1336-1405 жж.) белгі қалдырған тау. Алтын Орда ханы Тоқтамысқа қарсы жорыққа шыққан Әмір Темір Ұлытауға келгенде Алтын шоқының басына үлкен құлпытас орнатуға бұйрық берген. Аңыз бойынша, 1391 жылы 200 000 әскерімен Самарқаннан шығып, Алтын Орда ханы Тоқтамысқа қарсы жорыққа аттанған Әмір Темірдің қалың қолы сәуір айында Сарыарқаның кіндік жолында жатқан Ұлытау сілемдерінің шетіне ілінеді. Жошы ханның атақонысы болған өлкенің таза ауасы мен мөлдір суын, көк майса жайылымдарын көрген Мәуереннаһр билеушісі Бетпакдаланың шөл даласын кесіп өткенде шаршап шалдыққан әскеріне бірнеше күн кең алқапта тынығуына мұрсат береді. Ұлытау өлкесінің ғажайып көрінісіне көзі тойған Әмір Темір «адамдар ризашылықпен еске алып жүруі үшін» тастан ескерткіш белгі қойып, оған өзінің осында ат шалдырғаны туралы жазып қоюды бұйырған.

Алайда, бұл тарихи оқиға әлем жұртшылығына алты ғасырдан соң жария болды. Ақсақ Темір атанған қаһарлы әмірші қойдырған белгі тасты 1935 жылы қазақ жерінен тауып, паш еткен қазақтың ғұлама ғалымы, тұңғыш академигі Қаныш Сәтбаев еді. Таңбалы тас қазақ геологінің басшылығымен Орталық Қазақстанда жүргізілген экспедицияларының бірінде Ұлытау ауданы Алтын шоқы деген жерден 1935 жылы тамызда табылған. Бұл – екі тілде жазуы бар үлкен жартас сынығы. Ол туралы Қаныш Имантайұлы 1989 жылы «Ғылым» баспасынан шыққан «Ғылым және мәдениет туралы таңдамалы мақалалары» атты кітабындағы 1941 жылы жарияланған «Доисторические памятники в Джезказганском районе» атты мақаласында: «По свидетельству Язди, Тимур «Ұлытау тауларының шыңына көтеріліп, қоршаған даланың бір-бірінен екіншісіне дейін әдемі жасыл желек төселген түрімен ұзақ уақыт бойы рахаттанды”. Тимур бұл жерде күні бойы өткізді және ” әскерлерге тастар әкелуге бұйрық берді және мұнда үлкен пирамида жасады, онда жасанды шеберлер осы бақытты оқиғаның күнін кесіп өтті, бұл берік ескерткіш ол туралы ұзақ жылдар бойы есте сақтау үшін»,- (87-бет) дел жазыпты.

Тас табылған өңір Ұлытау тауларынан солтүстік-батысқа қарай, Жезқазған – Арқалық тас жолының батысынан 90 шақырым, Саят ауылынан батысқа беттегенде 80 шақырым жерде орналасқан. Плита бұрын үлкен шұңқыр үстінде орналасқан. Осы жерде қыш күйдіретін пеш болған. Алтын шоқыны есте қалдыратын нәрсе – оның төбесінде қиық пирамида тәрізді жасанды тас үйіндісі айқын байқалып тұрады.

Әмір Темір 200 мың әскерге бір-бір тастан тастатып биік тау тұрғызып, басына тас қорытатын пеш салдырып, жанындағы өзеннен тал қидырып, көмір жасап метеорит тасын 9 балқытып, мынадай мағынада жазып қалдырады: «Тарихтың жеті жүз тоқсан екінші қой жылы, жаздың ара (шілде) айы. Тұранның сұлтаны Темірбек жүз мың әскерімен Тоқтамыс ханға соғыспаққа жүреді.

Бұл жерден өтіп бара жатып, белгі болсын деп осы жазуды қалдырды. Тәңірі нәсіп берсін. Іншалла, тәңірі бұл кісіге рақым қылып, барша адам есіне алып жүрсін». Жазудың түпнұсқасындағы тілі қазіргі қазақ тіліне өте жақын.

Осындай тарихи дерек анықталса да, қорытылған тас құрамы анықталмаған күйде Санкт- Петербург мұражайының меншігі болып отыр.

Басқа материалдар

Back to top button