Қарағанды облысы

ӘУЛИЕКӨЛ/ШАЙТАНКӨЛ

Шайтанкөл Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында орналасқан. Шайтанкөл көлі Бұғылы тауында, гранитті жартас пен қарағай орманы қоршаған 1200 м биіктігінде орналасқан. Ұшар таудың басында тостағанға құйған судай болып жарқырап жататын ағынсыз айдын көл бар. Көл суы бұрын сөндірілген жанартаудың өзегіне қатты ұқсайды. Эзотериктердің пайымдауынша, көлдің түбінде бізге параллельді әлемнің порталы бар деп есептейді. Түнде көлге жан кіреді. Егер оның жағасында адамдар болса, олар түрлі тылсым құбылыстарға куә болады. Басқа аңыздар бойынша бұрынғы аты Әулиекөл болған деген дерек бар. Баяғыда Сұлушаш деген байдың қызы болыпты. Оның есігінде жүрген Тезек деген құлы, Шұнақ деген күңімен қосылып, одан Алтай туады. Ол ер жетіп, Сұлушаш екеуі бірбірін сүйеді. Бірақ бай қарсы болады.Алтайдың Қайсар деген досы, Сұлушаш үшеуі елден қашады. Олар Қарқаралының маңайындағы Жиренсақал деген жерді мекендеп, тұрып жатады. Сол жерде аң аулап, құс ұстап күндерін көреді. Бір күні Алтай құс аулап жүріп құзға кездеседі. Сол құзға бүркіт ұя салған екен, Алтай одан бүркіттің балапанын алмақшы болады. Бірақ жолы болмай шыңырауға құлайды. Ал Сұлушаш Тескен таста сырнай тартып отырады. Біраздан соң артынан ырылдаған дауыс естіледі, қараса артында арыстан тұр екен (бұрынғы кезде Сарыарқа төсінде арыстандар мен жолбарыстар өмір сүрген). Содан қорыққаннан көлге құлап өледі. Қайсар Сұлушашты іздеп осы жерге келсе, көлдің бетінде қыздың көйлегі, тақиясы жүзіп жүреді. Ол да сол көлге құлап өледі. Содан кейін бұл көл «Шайтанкөл» атаныпты деседі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button