Қарағанды облысы

БАЙДАЛЫ БИ КЕСЕНЕСІ

Байдалы би кесенесі Осакаровка ауданында орналасқан. Жасынан би-төрелердің батасын алған. Кейін Абылай хан (1711-1781) қасындағы сегіз бидің ең беделді, бас биі болады. Небір шиеленіскен ел дауы, жер дауы, жесір дауы Байдалы алдынан шешімін тауып отырған. Абылай хан оның асқан шешен ақылды кеңесіне дән риза болып “сегіз биім, сегіз бидің ішінде семіз биім” деп атағанда оның дене бітіміне емес, ақылпарасатына, шешендік тапқырлығына қарап айтса керек. Өзге билер де Байдалының билігіне тоқтаған. Тіптен, Абылай ханның өзі де одан аса алмаған. Ел ішінде “Абылай аспас сары бел” деген қанатты сөз бар. Оның мәнісі былай: “Аралбайдан туған Бәйтелі батыр төре тұқымынан адам өлтіріп, құнды болады. Абылай хан билерін жинап алып, құныкерге өлім жазасын бұйырғанын хабарлайды. Ханның сегіз биінің бірі – немере ағасы Байдалыға Бәйтелі жаутаңдап қарай берсе керек. Сонда Байдалы би: “Несіне қарайсың, лақ құрлы жоқсың ба, бауыздайын деп жатқанда ол да бақырады ғой”, – дейді. Байдалының сөзінің астарын түсінген Абылай өлім жазасын кешіріпті. “Жеті жарғыдағы” құн төлеудің нарқы атам заманнан белгілі. Ал, қара бұқара төре тұқымын өлтірсе бұдан былай екі кісінің құнын тартады. Сондықтан Бөйтеліге осы жаза қолданылсын”, – дейді.77 Байдалыдан басқа билер бас шұлғып мақұлдайды. Байдалы: “Тақсыр хан ием, есік алдында сіздің торы төбел тұлпарыңыз байлаулы тұр. Соның төбеліндегі түгі көп пе, жоқ, тұла денесіндегі түгі көп пе?” – депті. Абылай: “Әрине, тұла денесіндегі түк көп”, – дейді. Байдалы би сөзін жалғап: “Олай болса төре түқымы ат төбеліндей аз. Мен жаңа тетелес інім Жөнекеңе (Бөйне мен Аралбай бір әкеден, Байдалы Бекшеден, Бәйтелі Аралбайдан туған. Байдалы тетелес немере інісін Жөнекең деп еркелетіп атаған. Содан Бәйтелі аты ұмтылып, Аралбайдан тарайтын бір тайпа ел Жәнекең руы атанып кеткен): “Бауыздайын деп жатқанда лақ та бақырады ғой, бақыр”, – дедім. Ол бақырып аруақ шақырса, ұранға шаппайтын ел болмайды. Сізге қамтуыңыздағы қалың бұқара қарсы шығады. Арғысы Арғын, берісі Мейрамның бес баласы дүрліксе, хан болып тұра алмайсыз. Сондықтан адамнан адамның артықшылығы жоқ, төре тұқымына екі құн төлей алмаймыз. Бір кісінің құнын төлейміз, ал құн даулап отырған адамыңыз нағыз төре болса, талша мойнымыз қылша. Ал, бірақ Бөйтелінің жалалы болған адамы күңнен туған, түбі шикі. Сондықтан жарты құн төлейміз”, – деген екен.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button