Қарағанды облысы

БАСҚАМЫР ҚАЛАШЫҒЫ

Басқамыр қалашығы – Жезді өзенінің сол жағалауында орналасқан. Қалашықтың пішіні төрт бұрышты болып келген. Бұрыштары дүниенің төрт жағына қаратылып, жан-жақтары орлармен және жалдармен қоршалған. Кезінде Сарыбұлақтан бастау алатын арық жүйесі болған. Қалашықтың ортасында цитаделі бар. Қаланың ішкі солтүстік бұрышында арық бойымен келетін ауыз су сақталатын шұңқыры бар. Цитадельдің ішкі қабырғаларына жапсарлас салынған жеті бөлменің орны бар. Басқамыр қалашығы әл-Идриси деректерінен танымал оғыздардың ортағасырлық Хиам қалашығына (VIII—XI ғғ.) ұқсас (немесе Хиам қалашығы тәрізді). Хиам және Джаджан қалалары туралы әл-Идриси деректерінде «Екеуі де бекінісі жоғары дәрежеде нығайтылған кішкентай қалалар» деп айтылады. Ұлытау тауларынан оңтүстік бағытта, Талдысай алқабында орналасқан Басқамыр қалашығында қазақ этносының негізін қалаушы тайпалардың бірі – қыпшақтардың салған құрылыстарын байқауға болады. Бұл жерден ғалымдар үш жағынан қарауыл мұнаралары бар қабырғалармен қоршалған және цитаделі бар қамал қалдықтарын (үйінділерін) тапты. Сонымен қатар кейінгі ортағасырға жататын ежелгі некрополь және суару жүйесінің қалдықтары табылды. Қорымдағы құлпытастарға салынған қазақ руларының таңбаларыда ғалымдар тарапынан ерекше қызығушылыққа ие.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button