Ақтөбе облысы

Бекқұл би кесенесі

Ескерткіштің түрі: Киелі объекті

Ескерткіштің мерзімі: 2000 жыл

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Бекқұл баба ауылы

Зерттелуі: Баянғали Құлтаев, Еркін Құрманбеков, Әділхан Жұбаниязов секілді көпшілікке танымал азаматтар тарихи тұлға Бекқұл би туралы естелік әңгімелер айтып, зерттеу еңбектерін жазып жүр.

Қысқаша анықтамасы: Облыс орталығынан жиырма шақырымдай қашықтықта Қосқоңыр-Қыземшек деп аталатын биік төбе баурайында жерленген Бекқұл бидің басына 2000 жылы кесене тұрғызылып, қасынан түнек үй салынды. Бекқұл би рухының «Қосқоңыр – Қыземшек» тауының бауырынан мәңгілік мекен табуын ағасы Қараман әулие меңзеген.

Аңыз әңгіме: Бекқұл би шамамен XVII ғасырдың орта шенінде – 40 жылдары Ор, Қарғалы өзендерінің бойын мекендеген. Заманында өз өлкемізді былай қойғанда, Бұқара, Самарқан, Хорезм аумақтарында елеулі тарихи тұлғаға айналған, Жайық бойын жайлаған барша халыққа әулие саналған Бекқұл бидің жарқын тұлғасы Кеңес үкіметі заманында әртүрлі себептермен тұмшаланған.

Өте білікті мәмілегер Бекқұл би осы жерді жайлаған ру басшыларымен ақылдасып, жаугершіліктен босып кеткен елді тұрақтандырып, әр рудың жаз жайлауын, қыс қыстауын белгіліп беріп, қалың елді тұрақтандырып, әр рудың жаз жайлауын, қыс қыстауын белгілеп беріп, қалың елді аман сақтап қалуда үлкен еңбек сіңірген. Сырттан жау тигізбеген, іштен дау туғызбаған тұлға болған.

Ескі тарихи жазбалары, көнекөз қарттарымыздың деректері бойынша Бекқұл баба тек би емес, көріпкелдігі, алдағыны сезіп отыратын ерекше қасиеттері бар, жаратылысы бөлек болып, көзінің тірісінде әулие атанған тұлға.

Бекқұл биден  дүниеге келген жалғыз қыздан Қазақтың әйгілі батыры Есет Көкіұлы өмірге келеді. Халық аузында Бекқұл баба өзінің туған жиені 13 жасар Есет Көкіұлына елді, жерді қорғау үшін арғымақ атқа мінгізіп жол батасын берген деген аңыз әңгіме бар.

Кезінде Есет бабамыз: «Бекқұл әулиеге түнеп, менен тілесеңдер – тілектерің орындалар» – деген екен.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button