Ақтөбе облысы

Бопай бейіті

Ескерткіштің түрі: Киелі объекті

Ескерткіштің мерзімі: ХІХ ғ. ортасы.

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Ақкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15 км.

Зерттелуі: С.Әжіғалиевтің «Архитектура кочевников феномен истории и культуры евразии» атты монографиясында Бопай бейіті туралы қысқаша ақпарат бар.

Қысқаша анықтамасы: Бопай бейіті тік бұрышты жоспарлы (3,30х5,40 м) «төртқұлақты» қоршау болып келеді. Оңтүстік бетінде ішке кіретін есіктің орны бар. Бейіттің қабырғалары негізінен өңделмеген кірпіштен қаланған, алайда қазіргі таңда бейіттің қабырғалары құлап, өте қатты бүлініп бұзылып жатыр.

Аңыз әңгіме: Бопай Қасым ханның қызы, Қазақ халқының 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы болып табылатын әйгілі Кеңесары ханның қарындасы.

Жергілікті қариялардың айтуы бойынша Бопай Тілеу батырдың екінші әйелі болған. Төртқара руының тоқпанынан тарайтын шобан аталығынан.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button