Ақтөбе облысы

Дүйсенбі аһун мешіті

Ескерткіштің түрі: Киелі объекті

Ескерткіштің мерзімі: XIX ғасыр

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Жайсаңбай ауылынан солтүстік-батысқа қарай  6,4 км.

Зерттелуі: Ескерткішті алғаш рет 1983 жылы ҚазССР тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау туралы архитектура-өнертану экспедициясы (жетекшісі С.Әжіғали) зерттеді. Сондай-ақ т.ғ.д., профессор С.Әжіғалидың «Ескерткіш-ел тарихы» атты кітабында және «Архитектура кочевников феномен истории и культуры евразии» атты моногорфиясында Дүйсенбі аһун мешіті туралы мәліметтер қамтылған.

Қысқаша анықтамасы: Дүйсенбі аһун мешіті – Солтүстік Арал маңы аймағының көрнекті ғұрыптық ескерткіші. Мешіт төртбұрышты солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа созыла орналасқан.

Аңыз әңгіме: Дүйсенбі аһун – сауатты, арабша оқып, молда болған, орыс тілін және теріс оқуды да білген, әулие болған. Дүйсенбі Имашұлы 1885-1886 жылдары арнайы діни медреседе оқып, елге 1904 жылы оралады. Ауыл тұрғындары Дүйсенбіге 1908-1909 жылдары мешіт ашуға қолдау көрсетеді. 1913 жылы мешіт құрылысы толық аяқталады. Үлкендер Дүйсенбіні көріпкел адам болған деседі. Мысалы мешітке біреу ауырып келе жатса, оны алдын ала біліп, сезіп отырған. «Екі періні ұстап, оны мешіттің босағасына байлап тастаған» деген аңыз бар. Үлкендердің айтуына қарағанда, ол кісі түн ішінде ақ көйлек, ақ дамбалмен мешітті айналып, кезіп жүретін болған. Бір күні қызметшісіне: «Мен кішкене көз іліндіріп алайын. Сен ұйықтамай күзетіп отыр. Ұйықтап кетсең маған қауіп төнеді» – деп ескертеді.   Әлгі қызметші таң ата қалғып кеткенде, босағадағы екі пері аққу кейпіне еніп,  ұшып кетеді. Міне, осы оқиғадан кейін Дүйсенбі мазасыз күй кешіп, 1920 жылы дүние салыпты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button