Қарағанды облысы

ЖОШЫ ХАН КЕСЕНЕСІ

Кесене Алтын Орданың негізін салушы, бүкіл қазақ хандарының арғы атасы – Жошы ханға арнап салынған. Жошы хан (1187–1227 жж.) – моңғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет – Жошы ұлысының негізін қалаушы, атақты Шыңғыс ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған. Ол әуелі моңғолдардың басқыншылық әскери жорықтарының бәріне қатысқан аса ірі әскери басшы ретінде танылады. Алтын Орданың негізін салушы, қазақ хандығының арғы атасы. Жошы Ертістен Орал тауларына дейінгі, одан әрі Батысқа қарай бағынған жерлердің бәрінде билік жүргізді. Ордасы Ертіс өзені бойында орналасты (қ. Алтын Орда). Жошы ұлысының негізін бұрын Дешті Қыпшаққа кірген бірыңғай түркі тілдес тайпалар құрды. Шыңғыс хан ұлдарына билеуге жер бөліп бергенде тұңғыш баласы Жошы қазақ даласында билік құрған. Моңғол билеушілерінің ішінде жергілікті халықтың тілі мен мәдениетіне оң көзқараспен қарап, қол астындағыларға деген жақсы қарым-қатынасымен ерекшеленген. ХІІІ ғасырда өмір сүрген парсы тарихшысы Әбу Омар Минхадж ад-Дин Осман ибн Сирадж ад-дин әл-Жузжани 1260 жылы жазылған «Табанат-и-Насири» тарихнамасында «Жошы қыпшақтарды жақсы көріп кеткені сонша, ол Хорезмде моңғолдарға қандай да бір қыпшақ баласының маңдайынан шерткізбейді» деп жазып кеткен. Алтын Орданың негізін салушы, қазақ хандарының түп атасы. Қайтыс болғанда денесі Ұлытау жерінде тыныс тапқан. Ертедегі қазақ аңыздарының бірінде Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы құлан аулап жүріп, нөкерлерінен алысқа ұзап кетеді. Осы кезде қуғыннан зорыққан құландар үйірінде ашулы ақсақ құлан Жошыға тап 20 береді. Ақсақ құлан тепкен Жошы хан атынан құлап, қаза табады. Негізінен алғанда, Жошының туы да, өлімі де жұмбақ.

Жошы хан күмбезі – Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде, Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне архитектуралық ескерткіш.

Жошы ханның жұмбақ өліміне байланысты «Ақсақ құлан» аңызы қазақта ұрпақтан ұрпаққа тараған. Бұл күйдің шығу тарихын қыпшақ даласының әйгілі билеушінің ажалымен байланыстырады. Аңызда ұлының қазасын естірткені үшін ұлы қаған Шыңғысханның әмірімен домбыраның көмейіне қорғасын балқытып құйды делінген. Ғұлама Әлкей Марғұланның айтуынша, ұлы күйші Кетбұқа «Ақсақ құлан» атты жоқтау күйін қобызбен тартқан. Бұл XIV ғасыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button