Қарағанды облысы

КЕНТ ҚАЛАШЫҒЫ

Кент қонысы Қарқаралы ауданы Кент ауылынан шығысқа қарай 8,5 км жерде орналасқан. Қоныс Қызылкеніш өзенінің екі жақ жағалуын бойлай орналасқан. Қоныстың жалпы аумағы 30 га. Кент қонысы Орталық Қазақстан, тіптен Евразия даласындағы қола дәуірінің ірі саяси-әкімшілік, сауда-саттық және діни орталығы болған. Археологтардың пікірінше қоныста бір уақытта 5000-н астам адам өмір сүрген екен. Бұл сол дәуірде өте сирек кездесетін көрсеткіш болып табылады. Кенттің ауылшаруашылык аймағын оған синхронды Әкімбек, Домалақтас, Қызылтас, Қызылтас-1, Найза, Байшора, Нарбас сияқты анағұрлым шағын қоныстар құраған. Оларда қысқы кезеңде бірнеше отбасының қарауында мал ұсталған. Кентте әзірше қола құю шеберханаларының орындары табылған жоқ. Мүмкін бұл уақытша жағдай болар, себебі ескерткіштің тек 2% аумағы ғана қазылған. Кесенелердегі сияқты Кентте де бөгде мәдениет түріндегі ыдыстар бар, олар қазба жұмыстары барысында алынған барлық керамикалық жинақтардың 5% құрайды. Қышшы дөңгелегінде жасалған ыдыстардың фрагменттері табылған. Бұл басқа жақтан әкелінген ыдыс. Мұндай керамиканың табылған негізгі аймағы – Оңтүстік Өзбекстан және Түркменстан, кейбір бөлек нұсқалары иран түпнұсқаларына сәйкес. Кентке әкелінген ыдыстардың енді бір жолы Шығыс Аралмаңы өңіріне нұсқайды. Импорт ыдыстарының енді бір құрамдас бөлігі Батыс Сібірдің елов және ирмен мәдениетіндегі керамикаға ұқсайды. Кентте импорттық ыдыстардың кездесуін металл саудасының болғанымен түсіндіруге болады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button