Қарағанды облысы

МАТАҚ БАТЫР КЕСЕНЕСІ

Матақ батыр – (шамамен 1750-1839 жж.) Қаракесектің жетінші ұрпағы Бәтшордан туған Дүйсенбайдың немересі. Он жеті жасында, 1752 жылы Бөгенбай батыр бастаған Есіл Нұра соғысына жауынгер болып қатысқан, осы соғыста ол ат үстінде тұрып, жауды найзамен құлату, қылыштасу тәсілін меңгерген батыр атағын алады. Он тоғыз жасында әкесі Тоғалақтың орнын басып, Абылай ханның жарлығымен мыңбасы болып тағайындалады. Абылай хан ел басқаруда орталықтандыру жүйесін енгізіп, Ертіс – Балқаш – Баянауыл аймағын Қарқаралы дуаны деп жариялаған. 1769 жылы Матақ батырды дуанбасы, әкім етіп тағайындаған. Қарқаралыда Матақ батыр үш жыл дуанбасы болып қызмет атқарған. Матақтың әкімдік мөрінің бедері Астанада Президент мұражайында сақтаулы. Мөрдегі жазуда «Әл сұлтан, Әл Әділ Матақ» деп жазылған. Бұл – «Матақ үлкен дуанның әмірі» деген сөз. Матақ батыр кесенесі Қарағанды-Қарағайлы темір жолының бойында, батыр есімімен аттас өзен жағасында орналасқан.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button