Қарағанды облысы

НАРМАНБЕТ АҚЫН КЕСЕНЕСІ

Нарманбет Орманбетұлы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген. 1859 жылы Қарабұлақ аулында Тоқырауын және Қусақ өзендерінің түйіскен жері Балқаш көліне тақау Саға деген жерде дүниеге келген. Нарманбет жырлары өз кезіндегі қоғамдық қайшылықтарды әшкереді, халықтың басын сейілтуге ұмтылып, бұқараны оқу-білімге шақырды. Заман шындығы – аққынның поэзиясының басты тақырыбы болды. Бұл тақырыптағы өлеңдері «Заман», «Аждаһаның аузында», «Бұл күнде байлар ғаяр, билер мекер», «Сарыарқа», «Сарыарқа сайран жерім-ай», «Сахараға қарасақ» «Қазақ ұлы біз тұрмыз» т.б. тақырыптағы өлеңдері бар. Жас ақын сегіз жасынан бастап ғұлама Қари молдадан ескіше, татар Шаяхметұлы Хасен деген кісіден жаңаша сабақ алады. Абаймен аталас туыстығы бар. 14 жасқа келгенде оны әкесі Қарқаралыға апарып, екі кластық орыс мектебіне тапсырады. Нарманбет Уәлиолла деген ноғай көпесінің үйінде жатып оқиды. Орысша бір жылдай ғана оқыған Нарманбет бұдан кейінгі уақытта өз бетімен мұсылманша, орысша білім алады. Өзінің алғашқы өлеңін 14 жасында жаза бастаған. Халқын өнерге, оқып-білім алуға шақырып, төгілте жыр төккен ақынның алғашқы өлеңдер жинағы профессор Е.Ысмайыловтың көмегімен 1939 жылы Алматы қаласында жарық көрді. Ақынның кесенесі Ақтоғай ауданы Ақсудан оңтүстік-шығысқа қарай 18 км жерде орналасқан.

Басқа материалдар

Back to top button