Қарағанды облысы

ҚАРАЖАРТАС ҚОРЫМЫ

Шет ауданы, Талды ауылынан шығысқа қарай 8 км жерде орналасқан. Қарағанды облысының аумағында Қаражартас қорымында ежелгі сатылы пирамида табылды. Археологтар көне мазарды қола дәуірініӊ Беғазы – Дәндібай мәдениетіне жатқызады. Үш мыӊжылдық тарихы бар қорым сол заманныӊ белгісіз билеушісіне тиесілі деген болжам жасайды. Пирамида бәрінен де құрылысымен ерекше. Қорымды Беғазы-Дәндібай мәдениетініӊ өкілдері салған. Бұл маӊайда пирамидадан басқа отыз шақты қорым анықталды. Олар таяз, әрі шағын. Барлығында адамдар тұрмыстық заттармен бірге жерленген. Кейбірінен қыш, қоладан жасалған бұйымдар табылды. Мұндай құрылыс бұрын еш жерде кездеспеген. Құрылысын былай қойғанда, қолданған тастардың өзі түп-түзу, төртбұрыш. Пирамиданың бұрыштарын да шебер келтірген. Бұл алғашқы мемлекет құруға жақын кезең, қола дәуірінің соңындағы сақ, скифтер болған. 2016 жылы аталмыш ескерткішке ғылыми-зертеу жұмыстары жүргізіліп, 2017 жылы ескерткіш қайта қалпына келтірілді.

Басқа материалдар

Back to top button