Қарағанды облысы

ҚАРЛАГ (ДОЛИНКА КЕНТІ)

Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына естелік мұражайы Қазақстан аумағындағы ең әйгілі түзеу-еңбек лагері Қарлаг аумағында құрылған. Қарлаг жоғары биліктен бастап, саясаттан мақұрым жұмысшылар мен шаруаларға дейінгі қоғамның бар саласын қамтыған аумағы ғаламат зор қуғын-сүргін орталығына айналды. Жалған айыптаулар мен кейде адам сенгісіз, сандыраққа ұқсас жала жабулардың жаппай өріс алуы еріксіз таң қалдырады. Қазақ халқының көптеген аса дарынды және парасатты ұлдары «контрреволюциялық қастандық жасаушы», «террористік әрекеттерді ұйымдастырушы», «Жапонияның тыңшысы», т.б. ойдан шығарылған өтірік айыптаулардың құрбаны болды. Оларға ресми түрде рұқсат етілген азаптау тәсілдерін қолданып, «қылмыстарын» мойындатпақ болды. Бүкіл елдің алдында оларды «халық жауы» деп қаралап, балаларын атаанасынан, әйелдерін жұбайларынан айыруға әрекеттер жасалды. Сталиндік қатал тәртіптің ұйымдастырып, жүзеге асырған, жазықсыз жандарды қырып-жойған саяси зорлықзомбылығының шырқау шыңы деп 1937-1938 жылдарды атауға болады. 1997 жылғы 5 сәуірде «31 мамырды саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау күні деп жариялау» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайының негізгі мақсаты Қарлаг ескерткіштерін кешенді зерттеу, жүйелеу, сақтау және зерттеу, аймақта тұрып жатқан халықтардың моральдық әлеуетін насихаттау және қалың бұқараның Қазақстан көлемінде орналасқан концлагерлердің жазықсыз құрбандарын есте қалдыруға ұмтылысы негізінде тарихи-мәдени мұраның жинақталуы мен тапсырылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button