Ақтөбе облысы

Қобыланды батыр мемориалдық кешені

Ескерткіштің түрі: Киелі объекті

Ескерткіштің мерзімі: 2007 жыл

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Жиренқопа ауылы.

Зерттелуі: Қазақ халқының эпостық қаһарман батыры – Қобыланды батыр қазақ халқының мақтанышы болып табылады. Бір замандарда батыр сүйегі жатқан жерде мазар болған. Ол мазар жөнінде 1906 жылы В.В.Карлсон, кейін Жозеф-Антуан Кастанье жазып кеткен. Мазар ерте кезде бұзылып, ХХ ғасырдың бас кезінде үйінді болып қалған. ХХ-ғасырдың елуінші жылдары ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан осы бейіт басында болған. Алпысыншы жылдардың аяқ кезінде антрополог Ноэль Шаяхметов қазба жұмысын жүргізіп, Герасимов әдісімен бас сүйегіне қарап кескінін жасауды жоспарлайды.

Қысқаша анықтамасы: Мемориалдық кешен Қобыланды батырдың сүйегі қайта жерленген кесенеден, Даңқ залынан және белгі тастардан тұрады. Төбесінен қарағанда кешен қалқанның үстіне қойылған батырдың дулығасына және жанында жатқан садаққа ұқсайды.

Кесененің  негізгі қабырғасының  биіктігі  – 7,0 метрге жуық,  Ресейде жасалған күйдірілген қызыл кірпіштен салынған. Сыртқы пішіні батырдың дулығасы тәріздес күмбезделген,  15 үшкіл тіреулер тәрізді қаланған.  Оңтүстік-шығыс бетінде биіктігі 5,0 метрді құрайтын  кіреберіс-пештақ орналасқан. Кесененің жалпы биіктігі – 17,5 м., диаметрі – 16,0 м. Кесененің  сыртындағы жалпы диаметрі – 78,0 м. дөңгелек шеңбер-қалқанды айнала 29 меңгіртастар символы көгілдір түсті шамдалдар кіреберістен оңтүстік шығысқа қарай биіктігі – 2,0 м. қызғылт гранитпен қапталған 20 үшкіл балбал тастар символы орнатылған.

Кешеннің екінші бөлігі мавзолейдің батыс бөлігіндегі жалпы аумағы – 447,0 м2 батырдың садағы бейнелі Даңқ залынан, холлдан және әкімшілік-шаруашылық бөлмелерінен тұрады. Кешенде Қобыланды батырдың қайрақ тасы, сүйегі қайта жерленгенде орнатылған тас белгілер орналасқан. Кешен  Жиренқопа ауылының шығысындағы Ұлы Қобда өзенінің бойындағы жалпы аумағы – 2,06 га жерді алып жатыр.

Аңыз әңгіме: Қобыланды батыр – атақты тарихи тұлға. Шамамен XІV- XV ғасырларда өмір сүрген.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button