Қарағанды облысы

ҚОЙЛЫБАЙ ӘУЛИЕ КЕСЕНЕСІ

Ұлытау өңіріндегі есімдері көпшілікке кеңінен мәлім бақсылар – Қойлыбай мен Балақай. Әлкей Марғұланның жазуынша бұл бақсылар қазақ даласындағы бақсылық дәстүрдің ерте оғыз-қыпшақ дәуірінен бергі бері келе жатқан дәстүрдің жалғастығының көрінісі ретінде сипаттайды: «Ұлытауда Қорқытты пірім, ақылшым, ұстазым. Сиынатын қорғаушым деп айтушы Бағаналы Қойлыбай бақсы, Бағаналы Балақай бақсы». Бұл да болса Қойлыбай бақсы бейнесінің уақыт өтседе халық жадынан көмескіленбегенің көрінісі». Қойлыбай қобызын әрқашан Жыланшық өзенінің жағасында отырып тарататын болғандықтан, ол өзеннің бір саласы Қойлыбай өзені деп аталған. «Бақсылардың атақтысы Бағаналылық Қойлыбай, ол бақсылардың бақсысы әлде пірі. Ескілердің әңгімелеуінше, Қойлыбай бір үлкен бәйгеге қобызын қосып, жарыс басталатын жерге алдын ала қобызды бір үлкен сексеуілге байлатады. Бәйгеден келе жатқандардың шаңы көрінгенде, Қойлыбай қолына қылышын алып, бақсылық ойынын бастап, сарын айтады. Кенет, бәйге аттары кеткен жақтан қатты дауыл тұрып, ысқырған қызыл жел соғады. Көп ұзамай, дауылдың ортасынан алғашқы аттар көріне бастайды, ал бәрінің алдында сексеуілді сүйреткен Қойлыбайдың қобызы келе жатады. Шаңды дауыл мен қызыл жел Қойлыбайдың Көкаман атты жынының күші еді. Өстіп, Қойлыбай бас бәйгені алыпты. Қойлыбай өзенінің оң жағалауында, Ұлытау ауылынан батыста, Дулығалы мешітінен оңтүстікке қарай орналасқан.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button