Ақтөбе облысы

Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі әскери-революциялық комитетінің мүшесі Б.Қаратаевтың бейіті

Ескерткіштің түрі:   Қала құрылысы және сәулет өнері

Ескерткіштің мерзімі: 1934 жыл

Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, қалалық бейіт

Тарихи мәлімет: Бақытжан Қаратаев (1860-1934 жж.) Атырау қаласында дүниеге келіп, Ақтөбе қаласында өмірден өтеді. Ол ІІ мәрте мемлекеттік думаның депутаты, 1919 жылдан бастап большевиктер партиясының мүшесі. 1917-1919 жылдары Батыс Қазақстан облысында Оралдық ақ гвардияшылармен белсенді күресті.

Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш көлемі 1,50х0,52 метр болатын төрт сатылы сұр гранитті плита тастан тұрады. Солтүстік батыс бөлігінде бес бұрышты жұлдызы бар және араб, орыс тілінде жазылған құлпытас орнатылған. Ескерткіш металл қоршаумен қоршалған.

Құлпытаста жазылған мәтіннің толық нұсқасы облыстық ескерткіштерді қорғау орталығында сақталған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button