Қарағанды облысы

ҚЫЗЫЛКЕНІШ САРАЙЫ

Қызылкеніш сарайы Қарқаралы ауданы, Кент таулары бөлігінде орналасқан. Халық арасында ол Кент сарайы деген атаумен белгілі.Қызыл кеніш сарайының құрылыс-жобасының орны осы күнге дейін сақталған. Өз уақытында бұл екі қабат етіп салынған, айқыш (крест) тәріздес үлгімен салынған. Құрылыс материалына, осы өңірдің қызыл тасын қашап салған. Ғимараттың үш бүйірінен іргелестіре алынған қосымша бөлмелер ортадағы негізгі бөлмемен ішкі есіктер арқылы байланысқан. Кішігірім жазықта, барлық жағынан жартасты таулармен қоршалған. Кент сарайының ғимараты кішігірім, шаршы пішінді. Үш жақтан жалғасып салынған үйлер бар, олардың сыртқа шығатын есіктері жоқ. Оңтүстік жақтағы қабырға тұсында кіреберіс есік орналасқан. Кіреберіс есік қалқаның астында орналасқан. Қалқа балкон түрінде және ұзындығы 4 аршын ағаш бағаналарымен тірелген. Екі бағана үйдің қабырғаларының қалқасын тіреп тұр, ал төртеуі қарама-қарсы жақтағы шеттерді тіреп тұр. Сырғауылдардың арасы тақтайшалармен толтырылған. Үстінен тас тақталар төселген. Қалқаның екі жағынан да қабырғалардың қалдықтары сақталған. Қалқадан жоғары оңтүстік қабырғада кіреберістің үстінде терезе сақталған. екі қабатты болғаны анықталды. Бұл жергілікті тұрғындардың әңгімесі, оңтүстік қабырғаның биіктігі және екінші қабаттағы биіктікте терезенің болуы негізінде дәлелденді. Бүкіл сарай жапсырма құрылыстарымен бірге тас тақталардан салынған. Құрылыстың ішкі және сыртқы жағы балшықпен сыланған. Сарайдың қасында бірнеше қабір бар.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button