Қарағанды облысы

ТАЛДЫБЕЙІТ (БӨКЕЙХАН ӘУЛЕТІНІҢ ҚОРЫМЫ)

Ақтоғай ауданы жерінде,Тоқырауынға кұятын Жіңішке өзені қабағына таяу жерде орналасқан. Бұл қорымды жергілікті халық «Талдыбейіт» деп атайды. Себебі бейіт ішінде бұл өңірде бұрын-соңды болмаған жалғыз ағаш жайқалып өсіп тұр. Бұл ағашты Санкт – Петербург орман шаруашылығы институтының экономика факультетін бітірген Әлихан 1905 жылында Санкт-Петербургтен Бразилия ағашының бірнеше жас шыбығын арнайы әкеліп, әкесінің бейітіне отырғызады. Сол жас шыбықтардың біреуі ғана зәулім ағашқа айналған. Әлиханның туған інісі Сымахан да осы бейітке жерленген. Ол кісі сексенінші жылдары қайтыс болған. Ұзақ жылдар Балқаш қаласында тұрған. Көзі тірісінде Сымахан ақсақал Талды Бейітнің қабырғасына тағы бір құлпытас орнатқан. Құлпытас мұнда жерленбесе де Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановқа арналып, арыстың аты-жөні және қысқаша ғұмырбаяны жазылған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button