Қарағанды облысы

ҰЛЫТАУ, ӘУЛИЕТАУ (АҚМЕШІТ) ШЫҢЫ

         Ұлытау – Қазақстанның тарихи һәм географиялық орталығы, ежелгі қоныс, ескі жұрт. Еуразия құрлығындағы мәдениет тарихында ерекше орын алатын аймақ. Бұл ұлы мекен Қарағанды облысындағы Торғай қолатының оңтүстік-шығысы мен Бетпақдаланың солтүстік бөлігін алып жатыр. Ұлытау тауы – тек қана батыс Сарыарқаның ең биік нүктесі емес,  сонымен қатар оның «кіндігі», барлық жаратылыс бастау алатын тамыр, «әлем орталығы». Ол – бүгінде қазақ деген дүние жүзіне белгілі ұлттың табысқан төбесі, ұйысқан іргесі, біздің ата-бабаларымыздың мыңдаған ғасырлық рухани аңызына айналған, ақындары жырлаған, сан ғасыр адамдарды баураған қазақ халқының құрметтейтін қасиетті жері. Бұл өңір – халқымыз сұлтандарын ақ киізге көтеріп, хан еткен, Хан ордасы орналасқан жер. Қазақ жерінің кіндігі болған Ұлытау өңірінен Әмір Темірдің Тоқтамыс ханға қарсы ұлы жүрісі бастау алған. Нақ осы өңірде Жошы, Алаша және Тоқтамыс хандар, сондай-ақ ұлы қолбасшы, батыр Едіге және өзге де тарихи тұлғалар жерленген. Асан қайғы осы жерді қазақхалқының өмір сүруіне ыңғайлы Жерұйық деп айтқан. Ұлытау аспан астындағы мұражай іспеттес.

Бұл жерде, қазірдің өзінде белгілі болып отырғандай, сегіз жүзге тарта тарихимәдени ескерткіш бар. Бұл жердегі ежелгі және айрықша маңызды ескерткіштердің бірі – Ақмешіт тауы. Ол – ескі қамалдың, көшпелі халық мекенінің орны болған қасиетті жер. Ұлытау тауының биік шоқысында орналасқан. Қазақ халқының тарихында бұл таулар маңызды рөл атқарды. Қазақ ұлтының қалыптасуы мен халықтың үш негізгі жүзін қалыптастыру тарихы осы жерлердің тарихынан бөлек болуы мүмкін емес. Бұл таулар – қазақ тарихындағы барлық маңызды кезеңдердің куәгері.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button