Қарағанды облысы

УЛЫТАУДАҒЫ ХАН ОРДАСЫ

Хан ордасы – Орталық Қазақстанның Ұлытау өңіріндегі Талды өзенінен 1 км жерде орналасқан. Орданың сырты дуалмен, оның іргесі айнала ормен қоршалған. Орға арық арқылы іргесіндегі Жанғабыл өзенінен су тартылған. Хан ордасы негізгі екі бөліктен — хан ордасы мен қызметшілер тұратын сыртқы қоршаудан тұрған. Хан ордасы мен қызметшілер қоршауының арасы дуалмен бөлінген. Дуал ішінде ханның салтанатты шатыры, басқа да жаздық тігілмелі баспаналар орналасқан. Дуалдың бұрыш-бұрышында қарауыл мұнарасы болған. Хан ордасына бір ғана қақпа қалдырылған. 1993 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа осы Хан ордасында құрмет көрсетілген. Бүгінде ол тақ аудан орталығындағы мұражайда сақтаулы. Бұл жерде қазіргі тілмен айтқанда қазақ хандарының барлығының дерлік инаугурациясы өткен. Тарихқа аты белгілі хандарды ақ кигізге көтеріп, хан сайлап, олар халқына адал қызмет етуіне ант беріскен. Шетел термині инаугурацияны қазақ «ұлықтау» деп атаған. Хан Ордасының басты мағынасы хандарды ұлықтау болған. Бұл дәстүр, Жошы ханнан басталса керек. Жошының хан болып ұлықталуы да осы Ұлытау өңірінде өткен. Оның империясының астанасы Базар Орда қазіргі Жошы хан мазарының маңында болғаныдығы жайында тарихи дерек бар.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button