Қарағанды облысы

ҮШҮҢГІР

Үшүңгір Қарқаралы қаласынан 3 шақырым жерде орналасқан. Бұл – шағын тасты каньон, оның жер астына апаратын үш жарық саңылауы бар. Шеткі үңгір онша үлкен емес. Оң жақтағы жол табиғи сөрелері бар бөлмеге апарады, ал сол жақтағы жол аласалау ойық арқылы басқа бөлмеге апарады. Бұл өзінше үлкен зал, бір кезде оның ортасына су жиналып, шағын көл болған. Төбесі 3-4 метрлік биіктікте. 1947 жылға дейін Мәліксай шатқалындағы үңгірлердің белгілі бір атауы болған жоқ. Жалпы көлемі 35-40 шаршы метр болатын үш бөлмеге 10-12 адам сыйып кетеді. Үңгірлерде үй жануарларының сүйектерімен қырғыштар тауып алған соң жер асты мекендерін жаңа тас және қола дәуіріндегі адамдардың тұрағы деп атап кеткен. Қарқаралының табиғи ескерткіштерінің бірі – Кент қарағайлы орманы. Кез келген жолаушының көзі түсетіні осы атырапқа мәлім шатқал жартас. Жартастың тікше қырын талай жүздеген жылдар бойы жел мен су шайып жылтырап жайпақталып қалған. Табиғаттың өзіндік салған бір өрнегінің өзі бейне бір адам қолымен жасағандай таң қалдырмай қоймайды. Осы жартастың бойы тау үңгіріне барып тіреледі. үңгілердің өз атаулары тағы өз алдына бір бітпес аңыз.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button