Жаңалық

Премьер-Министр Ақпарат және қоғамдық даму министрін таныстырды

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаровты таныстырды.

«Министрлікке азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылы, ұлтаралық қатынастарды нығайту бойынша үлкен жауапкершілік жүктелген. Қазір бұл бұрын-соңды болмаған маңызға ие. Діни және конфессияаралық келісім мәселелері жөніндегі жұмысты күшейту қажет. Жастарымыздың деструктивті ағымдарға тартылмауы маңызды», – деген Әлихан Смайылов жастар саясатына, отбасы және ақпараттық саясатқа баса назар аудару қажеттігін атап өтті.

Facebook-тегі парақшасында жазба жариялаған министр Асқар Умаров та аталған министрлікте мемлекеттік саясатты іске асырудағы үлкен жұмыс шоғырланғанын атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ақпарат саласына, үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимылға, жастар саясаты мен отбасы сұрақтарына, діни қызметті реттеуге және этносаралық қатынастарды дамытуға жетекшілік етеді. Тағы бір өзекті сала – азаматтық қоғамды дамыту. Қоғамның барлық өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін диалог маңызды. Министрліктің құзыретіне кіретін бағыттарын одан әрі дамыту үшін БАҚ-тағы жұмыс пен қоғам өкілдерімен өзара іс-қимыл жасаудағы тәжірибемді қолдануға, барлық күш-жігерімді саламын», деді министр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button