Жаңалық Редакция таңдауы

Президент Алматыға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға барды. Ақпаратты Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли растады.

«Президент Алматыда екенін растаймыз. Ол Алматыда өткен жедел штаб отырысына қатысты. Сондай-ақ, қаза болған полиция қызметкерлерінің, әскерилердің туыс-туған, жақындарымен кездесу өтті. Президент оларға көңіл айтып, наградалар табыстады», деді Берік Уәли.

Баспасөз хатшысының айтуынша, Мемлекет басшысы жедел басқару орталығында жатқан зардап шеккендерге барып, олардың хал-жағдайын білген.

 Tengrinews.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button