Ақтөбе облысы

Сүндет кесенесі

Ескерткіштің түрі: Киелі объекті

Ескерткіштің мерзімі: ХІХ ғасыр

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылынан 68 км оңтүстік- батыста.

Зерттелуі: Кесенені зерттеуші еңбектеріне Т.К.Басеновтің «Архитектурные памятники в районе Сам /Алматы, 1947 г.», С.Әжіғали «Отчет о работе архитектурно-искуствоведческое экспедиции в Западном Казахстане 1979 г.» жұмыстарын жатқызуымызға болады.

             Қысқаша анықтамасы: Сәулет өнерінде XIX ғасырдың II жартысында кесенелер салудың архитектуралық-жоспарлау принциптерінің өзгеруі байқалған Батыс Қазақстандағы халық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіштерінің бірі. Құрылыс барысында, автор қабырғаларды қалау және күмбез құрылымының дәстүрлі әдістерін сақтап қалды. Кесене сыртқы көлемді композициясының тұтастығымен және басты қасбетінің қатаң геометрияланған ою-өрнектерімен қызықты.              Кіреберіс жақтауындағы қазақтың ұлттық «Түйетабан» тәрізді өрнегі салынған, “жіп” тәрізді өрнекпен өрнектелуі ғимараттың сәулетімен үйлескен. Кесене авторы, шебер Дәулетнияздың ойынша, кесене сегізқырлы жоспардағы күмбезді құрылым негізінде салынған. Кесененің сегізқырлы қабырғалары, төбесі күмбезбен безендірілген киіз үйді еске түсіреді.             Аңыз-әңгімелер: Сүндет- халық жадында сақталған адай руының өкілі, Жем-Сағыз өзені аңғарындағы көрнекті тұлғалардың бірі. Аңыз бойынша Сүндет XIX ғасырда өмір сүрген діни қайраткер және бай адам болған. Сүндет бірнеше рет әділ сот өткізген бітімгер ретінде, әртүрлі дауларды шешуде халық құрметіне ие болып, халық жадында сақталған.Аңыз әңгімелер бойынша Сүндет кесенесін XX ғасырдың басында, оның ұлы Ағысбай салған. Ол Меккеге қажылыққа барып келгеннен кейін, өзінің бес ұлымен Жем өзенінің жағасында кесене тұрғызды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button