Ақтөбе облысы

Темір мешіті

Ескерткіштің түрі: Киелі объекті

Ескерткіштің мерзімі: ХХ ғасырдың басы

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Темір қаласы, А.Халфе көшесі

Зерттелуі: Ақтөбе облысы аумағындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін паспорттау мақсатында ҚазССР Мәдениет министрлігінің «Казреставрация» Бірлестігінің экспедициясы (жетекшісі С.Әжіғали) анықтады. Сонымен қатар Мәди Кемешовтың «Тарихы терең Темір» атты кітабында   мешіт туралы мағұлматтар бар.

Қысқаша анықтамасы: Бұл мешіт төртбұрышты (10х22 м) екі қабатты құрылыс. Қабырғасы өңделген қоңыр текше тастардан балшықпен қаланған. Солтүстік бетінде сегіз қырлы мұнарасы ағашпен жабылып, қаңылтырланған, ұшар басы алты жақты тіктөртбұрыш тәрізді, оған жарты айшық орнатылған.   Ішкі беті үш қызмет бөлмесіне бөлініп, орталықтағы екі қабат намаз бөлмесі мен шығар есікке жалғасқан.

Аңыз әңгіме: Мешітті 1905 жылы Орынборлық көпес Мәжит Батқұлұлының қаржылық көмегімен Темір қаласында бой көтереді. Алайда оған жергілікті жердегі би, болыстар, шолақ белсенділер тыныштық бермейді. Ақырында ол  жергілікті мешітке ие болатын имам іздестіреді. Діни сауатты имандылықты уағыздаушы Ахмет Халфе мешітке ие болып қызмет етеді. Ахмет Қазан, Уфа медресесін тәмамдап, Халфе атағын алған діни білімі жоғары адам болған.  Ол 1926 жылы Уфада өткен мұсылмандар съезінің делегаты. Ахмет Халфеге Батыс Алаш орда үкіметі діни басқармасының төрағасы болған. Ахмет Байтұрсынов пен Мұстафа Шоқайдың досы Сағидолла Ізтілеуовпен бірге халық арасында дінді насихаттадың деген айып тағылып 1937 жылы ату жазасына кесіледі.

Басқа материалдар

Back to top button