Мақала Редакция таңдауы

Турист күнделігі. Петропавл

Петропавл қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы. Оның негізі 1752 жылы қаланды. Бұл шаһар автомобиль, әуе, өзен және темір жолдарының ірі торабы болып есептеледі.

Қалаға қалай жетуге болады?

Петропавлға бірнеше қаладан тікелей рейспен ұшып келуге болады. Назарларыңызға авиабилет құнын ұсынамыз.

Алматы – Петропавл (24 000 – 27 000 теңге). Ұшу ұзақтығы – 2 сағат 15 минут.

Нұр-Сұлтан –  Петропавл ( 10 000 – 15 000 теңге) . Ұшу ұзақтығы – 1 сағат 10 минут.

Түркістан – Петропавл ( 20 000 теңге). Ұшу ұзақтығы – 1 сағат 40 минут.

Пойыз билетінің орташа құны

Алматы – Петропавл: плацкарт – 6 202  теңге, купе – 9 200 теңге. Жол жүру ұзақтығы – 1 күн 6 сағат 48 минут.

Нұр-Сұлтан – Петропавл:  плацкарт –  3 000 теңге, купе –  3 500 – 4 300  теңге. Жол жүру ұзақтығы – 9 сағат.

Шымкент – Петропавл: –  плацкарт – 8 269 теңге, купе – 12 510 теңге. Жол жүру ұзақтығы – 1 күн 10 сағат 17 минут.

Тараз –Петропавл: плацкарт – 7 613 теңге, купе – 11 481  теңге. Жол жүру ұзақтығы – 1 күн 5 сағат 24 минут.

Қайда тұрақтауға болады?

«Скиф» қонақ үй кешені қала орталығында орналасқан. Нөмір бағасы 10 500 теңгеден басталады. Арнайы конференция залы, фитнес орталығы, бассейн бар.

«Алтын адам» қонақ үйінде 1 күн тұрақтау бағасы  8 000 теңгеден басталады. Оның барлық нөмірі жалпақ экранды теледидармен жабдықталған.

Telegraph-INN қонақ үйі аэропорттан 17 минуттық жерде орналасқан. Нөмір бағасы 20 000 мың теңгеден басталады. Тегін таңғы ас беріледі.

Бұл қалада бір тәулікке бір бөлмені жалдау бағасы  4 000 теңгеден, ал екі бөлмені жалдау бағасы 5 000  теңгеден жоғары.  Пәтерді ұзақ мерзімге жалдау құны орташа есеппен 50 000 – 60 000 теңгеге шығады.

Қаланың көрікті жерлері:

Астрофизикалық обсерватория М.Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң аумағында орналасқан. Планетарий күнбезi АҚШ Leariving Technologies фирмасының проекциялық аппаратурасымен жабдықталған. Сонымен қатар, оның құрамына 3000-нан астам жұлдызды көруге мүмкіндік беретін планетарий кiредi.

Облыстық тарихи-өткетану мұражайы 1924 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның қорында 134 мыңнан астам экспонат сақталған. Залдағы бірегей экспонаттардың арасында Н.Назарбаевтың шежіресі, көрікшінің арнайы киімі бар.

Ботаникалық бақ. 118  жылдық тарихы бар бұл бақ Халықаралық ботаникалық бақтар қауымдастығына енгізілген. Мұнда тропикалық ағаштар, пальма, лимон, агава, орхидея сияқты экзотикалық өсімдіктер өседі. Жалпы 1800 шаршы метр аумақты алып жатыр.

Диана Асан

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button