ЖаңалықМақалаРедакция таңдауы

«Ас беру» қандай салт?

Өмірден өткен жақындарын еске алып, аруағына бағыштап ас беру халқымыздың дәстүрінде бар.

Қазақ адам көз жұмған соң 7, 40 және 100 күнін атап өтеді. Оны «жетісі», «қырқы», «жүзі» деп атайды. Қазадан кейін бір жыл өткен соң үлкен жиын ұйымдастырып, оны «ас», «ас беру», «ас өткізу» дейді.

Ас берудің басқа ең көне саналатын салттардың арасында өзінің ерекше орны бар. Ол қайғымен қоштасуды білдіреді.

Грек тарихшысы Геродот қазақтардың бабалары сақтар туралы төмендегідей жазу қалдырған: «Егер біреудің әкесі қайтыс болған жағдайда, барлық туысы мал айдап әкеледі, оларды сойып,  етін бөлшектейді… Ұлы әкесіне бағыштап, эллиндердің еске алу мерекелеріндегідей құрбандық шалады».

Ал ұлы ақын Абайдың әкесі Құнанбаймен бірнеше рет кездескен, қазақ даласында ұзақ жылдар өмір сүрген поляк зерттеушісі Адольф Янушкевич туыстарына жазған хатында былай дейді: «Қазақтар ас өткізуге көп дүние жұмсайды. Мысалы, Құнанбай қайтыс болған бауырының асын 63 жылқы мен 200 қойға бағалады, ал бәйгеге тігілген сыйлықтар мен қант, шай, күріштің есебін нақты айту тіптен де мүмкін емес».

Ас беру – марқұмның жаны  туралы және о дүние туралы адамзат тарихының алғы кезеңдерінде қалыптасқан ежелгі түсініктеріне байланысты атқарылатын жосын-жоралғылардың бірегейі.

Қазақтар үшін ол бұлжымас заңмен бірдей. Кейде халқымыз достарының да астарын өткізіп отырған.

Басқа материалдар

Back to top button