Жаңалық Редакция таңдауы

«Nur Otan» партиясына жаңа Төраға сайланды

Қасым-Жомарт Тоқаев партияның кезектен тыс XXI съезінің шешімімен «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып сайланды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірауыздан «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып сайланды. Бұл туралы бүгін, 28 қаңтарда онлайн-форматта өтіп жатқан партияның кезектен тыс XXI съезі барысында белгілі болды, деп хабарлайды Ақорда өзінің twitter-дегі парақшасында.

Съезді ашқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партия мүшелеріне жұмысы үшін алғыс айтып, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс жасады. Съездің 389 делегаты бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

«Nur Otan» партиясына төрағалық ету – өте жауапты жұмыс. Осы тапсырманы орындауға қолдау көрсеткеніңіз үшін рахмет». Еліміз өте күрделі кезеңге аяқ басқанын түсіне отырып, мен «Nur Otan» партиясын басқару ұсынысын ризашылықпен қабылдаймын. Бұл шешім партияны трансформациялау және бүкіл қоғамды біріктіру жөніндегі жұмысқа кірісуге дайын екендігінен туындады», – деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи еңбегін атап өтіп, Елбасының ең қиын тарихи кезеңде мемлекеттік құрылыстың ең күрделі миссиясын өзіне алғанын атап өтті: «Әлемдік қоғамдастықта оны жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы деп атайды. Сондай-ақ, Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан барлық экономикалық көрсеткіштер бойынша Орталық Азия өңірінде алдыңғы қатарға шыққанын ұмытпау керек. Тұңғыш Президенттің тарихи еңбегін ұмытпайық. Ақыр соңында объективті және шыншыл болу керек. Өткенін жамандаған халықтың болашағы жоқ. Біз Тұңғыш Президенттің тарихи еңбегіне құрмет көрсетіп, оның сөзсіз жетістіктері мен қадір-қасиетін бірінші орынға қоямыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы қайғылы оқиғаларды еске алып, орын алған қасіреттен сабақ алу қажеттігіне назар аударды: «Біздің азаматтарымыздың бірлігі, ынтымағы, батылдығы, санасының арқасында біз мемлекеттілігіміздің күйреуіне, бұдан бетер қантөгіске жол бермедік. «Қайғылы қаңтар» оқиғасы біз үшін Тәуелсіздік жылдарындағы ең ауыр сынақ болды. Біз қоғамның кемелдігі мен мемлекеттің ауқаттылығына артылған сыннан сүрінбей өттік. Бірақ біз осы оқиғалардың барлық себептері мен салдарын терең талдауымыз керек», – деді Мемлекет басшысы.

Президент өзінің құрылымын қайта қарау және оңтайландыру арқылы партиялар өздерінің ұйымдастырушылық тиімділігін арттыруы керек деді.

«Партаппаратты сервистік модельге қарай қайта құруға баса назар аудару керек. Оны іске асыруға белсене кірісіп, Қазақстанның прогрессивті өзгерістері мен жаңартуларының нағыз моторы болуға тиіспіз. Өңірлердегі өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге партия мүшелерінің қатысуын күшейту қажет. Мәслихат депутатының белгісі – өңірлік элитаға қатыстылықтың жалған мен жоғары кабинеттерге кіруге арналған рұқсаттама емес. Алдағы реформаларды заңнамалық тұрғыдан сапалы қамтамасыз ету үшін Мәжілістегі партия фракциясын қайта жаңғырту қажет. Фракция мүшелері формализмнен алыс болуы керек, қоғам өкілдерімен көбірек байланысуы керек», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button