Жаңалық

Қысқы Олимпиаданың алауы жағылды

XXIV Қысқы Олимпия ойындарының ашылу рәсімі кеше Қытай астанасы Бейжіңдегі «Құс ұясы» стадионында өтті. Салтанатты жиынға көптеген елдің басшыларымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты.

Ашылу салтанатында мемлекеттік туымызды Тұмар ханша бейнесінде киінген конькиші Екатерина Айдова мен қазақ батырының киіміндегі шорт-трек шебері Абзал Әжіғалиев ұстап шықты.

Әлемдік спорттық додаға  АҚШ-тан – 223, Ресейден – 212, Канададан – 211 спортшы қатысса, Қытайдан 171 спортшы қатысады. Сондай-ақ, Швейцариядан – 168, Германиядан – 148, Жапониядан – 122, Швециядан – 116, Чехиядан – 114, Италиядан – 112, Австриядан – 108, Финляндиядан – 96, Франциядан –85, Норвегиядан – 52, Ұлыбританиядан – 50, Украинадан – 45, Австралиядан – 44, Оңтүстік Кореядан – 38, Беларусьтен – 28 саңлақ бақ сынамақ. Ал еліміздің атынан 34 спортшы 85 жолдама бойынша сынға түседі.

Ақ Олимпиаданың жабылу рәсімі де 2008 жылы Жазғы Олимпиада өткен «Құс ұясы» стадионында өтпек.

Басқа материалдар

Back to top button