Жаңалық

«Есіңе мені алғайсың...»

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Мұқағали Мақатаев атындағы мәжіліс залында «Мұзбалақ ақын – Мұқағали» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

Кешке ақынның оқырмандары мен зиялы қауым өкілдері, мектеп оқушылары мен қоғам белсенділері қатысты. Заманының заңғар ақыны атанған Мұқағали Мақатаев туралы қызық деректер айтылып, ақынның көзін көргендер сыр шертісті.

Кешке қатысқан мектеп оқушылары автордың өлеңдерін оқып, әндерін орындады.

«Поэзия!

Менімен егіз бе едің

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім», – деп көсілген ақынның өлеңі өміршең, өмірі үлгі. Мұқағали – әр қазақтың көмейінде сайрап жатқан ұлы ақын!

Естеріңізге сала кетейік, Мұқағали Мақатаев атындағы мәжіліс залы тура бір жыл бұрын, ақынның 90-жылдық мерейтойына орай ашылған еді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button