Жаңалық Редакция таңдауы

Шәкен Айманов түсірген фильмдер

Бүгін қазақ киноиндустриясындағы құбылыс, режиссер, актер Шәкен Аймановтың туған күні.

Осыдан 108 жыл бұрын дүниеге келген актер театр және кино өнерінде өшпес із қалдырды. Ол сомдаған образдар, ол түсірген фильмдер әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Назарларыңызға Шәкен Аймановтың режиссерлығымен жарыққа шыққан фильмдерді ұсынамыз:

Атаманның ақыры. 1970 жылы «Қазақфильм» киностудиясы жарыққа шығарды. Екі бөлімнен тұратын толық метражды көркем фильм. Детектив жанрында түсірілген екі сериялы тұңғыш қазақ фильмі. Атаман Дутов бастаған ақ гвардияшылардың әркеттері сипатталады. Фильмде 1920-21 жылғы Қазақстан мен Қытай аймағындағы тарихи оқиғалар баяндалады.

Тақиялы періште. Кеңес уақытында түсірілген қазақ комедиясы. 1969 жылы жарыққа шықты. Фильм Алматы қаласында түсірілген. «Еркекке жалғыз өмір сүруге болмайды, оның қасында анасы, жоқ дегенде әйелі болуы қажет». Фильмдегі бар қызық осы сөзден басталады.

Біз осында тұрамыз. Толық метражды көркем фильм. 1956 жылы Алматы көркем және хроника фильмдер студиясы жарыққа шығарған.

Біздің сүйікті дәрігер. Толық метражды көркем фильм. 1957 жылы Алматы көркем және хроника фильмдер студиясы жарыққа шығарған. Фильмде дәрігер Лавровтың алпыс жылдық мерейтойы қарсаңындағы шыж-быж тірлік сипатталады.

Махаббат туралы аңыз немесе Қозы Көрпеш-Баян Сұлу. Толық метражды көркем фильм. 1954 жылы Алматы көркем және хроника фильмдер студиясы жарыққа шығарған. Фильмнің негізі байдың қызы мен кедей аңшының махаббаты туралы баяндайтын халық аңызынан алынған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button