ЖаңалықРедакция таңдауыСұхбат

Қаржылық сауаты бар адам – қандай адам?

Күні кеше ғана еліміздің барлық облысында 12 сынып оқушыларына арналған қаржылай сауаттылықты арттыратын элективті пән енгізілгенін хабарладық. Бұған сеп болған Jusan Invest ESG.

Jusan Invest-тің баспасөз қызметімен сұқбаттасып, қолға алған жобалары жайлы, қаржылық сауаттылық һақында, тегін білім алу бағдарламалары туралы  сөз қозғадық.

Ruh.kz: Оқушыларға тегін білім беру мерзімі қандай?
Jusan Invest:
Бұл жоба кәдімгі пән ретінде 12 сынып оқушыларына оқытылады. Қазір элективті пәндер бар. Jusan Invest-тің ұсынып отырған дүниесі сол элективті пән болып саналады. Қаржылай сауаттылық пәнін таңдаған оқушылар бір жыл бойы инвестиция, отбасы бюджеті секілді қарапайым бірақ маңызы зор, болашағын басқаруға көп әсер ететін мәліметтерді біліп шығады. Ал Jusan қосымшасындағы «Инвестициялар» бөлімінде кез келген Қазақстан Республикасының азаматы өзінің қаржылай сауаттылығын онлайн түрде арттыра алады. Ол үшін бар-жоғы бес минуттың ішінде ашылатын брокерлік шот ашуы керек, осыдан кейін оған Jusan Academy платформасындағы барлық сабақтарға, түрлі әдебиеттер мен кеңестер қолжетімді болады.

Ruh.kz: Қаржылық сауаттылық қанша жастан қалыптасуы керек?
Jusan Invest: Негізі қанша ерте болса, сонша жақсы. Біздің мектептерде тегін білім ретінде бастаған жобамыз да осы сөзімізге дәлел бола алады. Ал жастайынан қаржылық сауат ашуға мүмкіндігі болмаған адам үшін платформамызда барлық мүмкіндік берілген. Жұмыс істейтін, көп нәрсеге уақыт таба бермейтін клиенттеріміз үшін видеокурстар жасап қойдық. Апта сайын біздің компания сарапшылары нарыққа қатысты вебинарлар ұйымдастырады. Егер бұл аз десеңіз, кез келген уақытта біздің колл орталыққа хабарласып, қалаған сұрағыңызға жауап ала аласыз.

Ruh.kz: Қаржылық сауаты бар адам – қандай адам?
Jusan Invest: Қаржылық сауаты бар адам – ақшасын оңды-солды шаша бермейтін, ұзақ және қысқа мерзімді қаржылай жоспары бар адам. Оның табысы шығынынан аз болмауы керек. Қаржылай сауатты адам үнемі нарықты бақылап отырады. Қай уақытта құнды қағаздарды алу керек, қай кезде сату керек екенін жақсы біледі. Жеке резерв қоры болады. Табысының бір бөлігін алып қойып, болашақ активтерге инвестициялау үшін сақтайды. Осы аталған пункттердің бәріне біздің Jusan Academy платформасында үйренуге болады.
Ruh.kz: Jusan Invest-тің басқа қандай жобалары бар?
Jusan Invest: Jusan Invest-тің Jusan Academy-ден бөлек Radar деген инвесторларға арналған әлеуметтік желісі бар. Онда нарықта белсенді инвесторлар өзара қарым-қатынас жасайды, кеңестерімен бөліседі. Бұл әлеуметтік желіде көптеген пайдалы мәліметтер табуға болады. Ең бастысы дос, ортақ мүдделі әріптес те табуыңызға мүмкіндік бар. Инвестиция саласына қатысты адамдар үшін таптырмайтын платформа.

Ruh.kz: Жастарға берер 3 кеңес?

Jusan Invest: Ең алдымен өз біліміңізге инвестиция салыңыз. Сіздің бар байлығыңызды тартып алса да, ешкім біліміңізді сізден алып қоя алмайды. Үнемі жаңа дүниеніні білуге құштар болыңыз.

Денсаулығыңызға инвестиция салыңыз. Егер деніңіз сау болмаса, бір жеріңіз ауырып тұрса, ештеңе істеуге құлықты болмайсыз.

Барынша ертерек қаржы, инвестиция, отбасы бюджеті деген сөздердің мағынасын түсініп, білуге ұмтылыңыз. Өз болашағыңызды қаржылай қамтамасыз етуге тырысыңыз.

Ruh.kz: Сұқбатыңызға рақмет! Еңбектеріңіз берекелі болсын!

Басқа материалдар

Back to top button