Жаңалық Редакция таңдауы

Дәстүр мен технологияны байланыстырған суретші

Суретші, графикалық дизайнер, иллюстратор, Нұр-Сұлтандағы дәрігерлерге арналған мурал эскизінің авторы Айгерім Кәрібаева картиналарының көрмесі өтті.

Этно-модернизм – бүгінде үлкен танымалдылыққа ие бағыт. Осы бағытта жұмыс істейтін жандардың бірі – Айгерім Кәрібаева.

Бала кезінен сурет салғанды ұнататын иллюстратор барынша жылдам жұмыс істегенді ұнататынын айтады.

«Мен барынша жылдам жұмыс істегенді жақсы көремін. Меніңше біздің заманымыздың суретшісі жылдам әрі көп жұмыс істеуі керек. Бір туындыны, ауқымына қарай, екі-үш күнде аяқтаймын», – дейді Айгерім.

Айгерім Кәрібаева Kazenergy, Mediker, Kazatomprom, BI Group компанияларының, Экспо Дубай 2021, Экспо 2017 көрмелерінің стендтарын әзірлеген.

«Мен бақытты суретшімін. Сүйікті ісіммен айналысуға барлық мүмкіндігім бар. Және оны қолдаушылар қарасы да қалың. Негізгі тұтынушыларым да солар», – дейді Айгерім Кәрібаева.

Көрмеге тек картиналар ғана емес, этно-модернизм стиліндегі суреттері бар шоколадтар, телефон тыстары, сөмкелер мен стикерлер де қойылды.

Аталмыш стильдегі тауарларды Art-eco.com сайтынан немесе Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы шоу-румдардан таба аласыз.

Естеріңізге сала кетейік, Айгерім Кәрібаева – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button