ЖаңалықРедакция таңдауы

Наурыздағы Жолдауда не айтылмақ?

Президент наурыз айындағы Қазақстан халқына Жолдауында «Қасіретті қаңтар» оқиғаларына байланысты тергеу қорытындыларын жариялауды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Қасым-Жомарт Кемелұлы «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында халықтан ештеңе жасырмайтынын, уақыты келгенде барлық ақпараттың жария етілетінін айтқан еді.

«Президент сұхбатында біздің қоғам үшін маңызды мәселе – заңның үстемдігі екенін атап өтті. Дәл осы құқықтық қағидаттың негізінде қаңтардағы оқиғалар барысында ұсталған адамдардың жауапкершілігі туралы мәселе шешіледі. Бұл адамдардың едәуір бөлігіне қатысты бұлтартпау шарасы жеңілдетілгені белгілі. Жүздеген адам тергеу изоляторларынан шығарылды. Ұсталғандардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері бойынша тергеу жүргізілуде. Сонымен бірге, ауыр қылмыс жасағандардың барлығы (кісі өлтіру, зорлау, тонау және т.б.) заңға сәйкес жазаланады», – дейді Берік Уәли.

Президент наурыз айының ортасына белгіленген Жолдауында өзінің саяси реформалар бағдарламасын ұсынуды жоспарлап отыр.

Басқа материалдар

Back to top button