Жаңалық Редакция таңдауы

Кәсіпкерлік туралы мифтер

Көп жылдар бойы кәсіпкерлікке қатысты түрлі жаңсақ пікірлер айтылуының басты себебі – тақырып бойынша зерттеудің аздығында.

Көптеген зерттеушілер атап өткендей, кәсіпкерлікті зерттеу әлі де даму үстінде, сондықтан қазіргі заманғы зерттеу нәтижелеріне жол бермейінше, «фольклор» басым бола бермек. Осы ретте, назарларыңызға кең тараған бес мифті және оларды әшкерелеу түсіндірмесін ұсынамыз.

  1. Кәсіпкерлер – ойдың емес, істің адамы

Кәсіпкерлер іс-әрекетке бейім, бірақ олар көп ойланады. Әр қадамын үнемі мұқият ойластырып жоспарлайтын өте тиянақты адамдар. Бүгінде айқын және толық бизнес-жоспар құру – кәсіпкерлер үшін «ойға» да, «іске» де қабілетті болу қажет екенін көрсетеді.

  1. Кәсіпкер болып туады, қалыптаспайды

Кәсіпкер болуға үйрену мүмкін емес, себебі ол үшін туа біткен қабілет қажет деген идея бүгінде маңызын жоғалтты. Ол қасиеттерге: батылдық, бастамашылдық, талап, тәуекелге баруға дайындық, аналитикалық қабілет және адами қарым-қатынас дағдылары жатады. Демек, кәсіпкерлікті ғылыми бағыт ретінде тану – бұл мифті жоққа шығаруға көмектеседі. Барлық ғылымдар секілді, кәсіпкерлікте де тақырыпты зерттеуге мүмкіндік беретін модельдер, процестер және мысалдар бар.

  1. Кәсіпкерлер әрқашан жасампаз

«Кәсіпкер – өнертапқыш» деген идея – стереотиптердің нәтижесі. Көптеген өнертапқыштар кәсіпкер болса да, олардың көпшілігі инновациялық қызметтің барлық түрлерін пайдаланады. Мысалы, Рэй Кроц жылдам тамақтану франшизасын ойлап тапқан жоқ, бірақ оның жаңашыл идеялары McDonald’s-ты әлемдегі ең ірі жылдам тамақтану кәсіпорнына айналдырды. Кәсіпкерліктің қазіргі заманғы түсінігі өнертабыстан ауқымдырақ. Кәсіпкерліктің барлық формалары инновациялық мінез-құлықты толық түсінуді талап етеді.

  1. Кәсіпкерлер – білім және әлеует тұрғысынан қалыпқа сыймайтын адамдар

«Кәсіпкерлерге әлеуметтік және академиялық білім қажетсіз» деген сенім қалыптасқан. Бұл – кейбір бизнес иелері оқуды тастап не жұмыстан шығып кеткеннен кейін табысты кәсіпорын бастағанына байланысты шыққан сөз. Көп жағдайда мұндай мысалдар орташа кәсіпкерді сипаттауда асыра қолданылып кеткен. Шын мәнінде, тарихта білім беру ұйымдары мен қоғамның кәсіпкерді мойындамаған оқиғалары болған. Олар кәсіпкерді корпоратив алпауыттар әлемінде жолы болмаған тұлға деп есепке алмады. Мысалы, бизнес саласында білім беру жүйесі, ең алдымен, корпоратив бизнесті үйретуге бағытталған. Бүгінде кәсіпкер әлеуметтік, экономикалық және академиялық тұрғыдан қаһарман болып саналады. Енді кәсіпкер жолы болмаған біреу емес, кейінгіге үлгі ретінде қарастырылады.

  1. Кәсіпкерлер қалыпқа сай болуы тиіс

Көптеген кітаптар мен мақалалар табысты кәсіпкер қасиеттерінің тізімін береді. Бұл тізімдер расталмаған әрі толық емес. Көбіне жетістіктерге бағдарланған адамдардың кейстеріне және оларды зерттеу нәтижесіне негізделген. Бүгінде біз кәсіпкер бейнесінің стандартын қалыптастыру қиын екенін түсінеміз. Қоршаған орта, кәсіпорын мен кәсіпкердің белсенді әрекеттері кәсіпкер бейнесінің алуан түрін қалыптастырды. Әлем университеттерінде жүргізілетін қазіргі заманғы зерттеулер, болашақта табысты кәсіпкерлердің түрлі бейнесі туралы нақты түсінік береді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button