Жаңалық

«Рухани жаңғыру» ҚҚДИ Басқарма Төрағасы тағайындалды

«Рухани жаңғыру» КеАҚ қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма Төрағасы болып Қазбек Майгелдинов тағайындалды.

Бұған дейін Қазбек Өмірзақұлы «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ құрамындағы Қоғамдық процестерді зерттеу орталығының жетекшісі қызметін атқарып келген. Қазбек Майгелдинов 1983 жылдың 3 қарашасында дүниеге келген.
Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Бұған дейін «Археология институты» РМҚК жалпы археология бөлімінің ғылыми қызметкері, ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінде, Еуразиялық интеграция институтының ғылыми зерттеулер және талдау орталығының басшысы болып жұмыс істеді.
Қазбек Өмірзақұлы – «Блогосфера көшбасшысы 2020» номинациясы бойынша «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығының иегері, 40-тан астам ғылыми мақала авторы. PhD-доктор.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button