Жаңалық Редакция таңдауы

Жастарды қандай өзгерістер күтіп тұр?

Сарапшылар жаңа Қазақстанды құрудағы жастардың мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылады.

Қазіргі заманғы инфлюенсерлердің қайсысы жастардың мүдделерін білдіре алады және мемлекеттік жастар саясаты жүйесінде нені өзгерту қажет? «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының алаңында осы сұрақтар талқыланды. «Lightning Talks» жаңа форматында әртүрлі облыстардың ғылыми қызметкерлері мен зерттеушілері, ҮЕҰ және жобалау ұйымдарының өкілдері сөз сөйледі.

Кездесудің мақсаты жастармен диалог жүргізу және оларды мемлекеттік шешім қабылдау процестеріне тарту, сондай-ақ жастар саясатын іске асырудағы жаңа тәсілдер туралы ұсыныстар әзірлеу.

«Біз жастардың сұрақтарына жауап беріп, мемлекет беретін барлық мүмкіндіктерді біріктіретін осындай үлгі қалыптастыруымыз керек. Әрбір адам қандай да бір ақпаратты қайдан ала алатынын білуі маңызды. Біз осы бағытта жұмыс істейміз»,- деді Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов.

Пікірталас барысында PhD докторы Әлия Құсайынова да өз пікірін білдіріп, жастар – саны жағынан үлкен және кез келген мемлекет үшін маңызды ресурс екенін атап өтті.

Сарапшы Евгений Рибалко өз кезегінде цифрландыру және білім беру мәселелеріне тоқталды.

«Бізге жастардың цифрлық сауаттылығына назар аудару керек. Білім беру саласында бағдарланбау проблемасы бар. Жастар үшін ең үлкен проблема – демотивация. Оқуды қаламайтын және одан әрі жұмысқа орналаса алуына сенбейтіндерді қалай ынталандыру керектігін түсіну маңызды», – дейді Евгений Рибалко.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button