Жаңалық

Әзірбайжан Республикасы елшілігінің өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін Қазақстандық қоғамдық даму институты орталығында Әзірбайжан Республикасы елшілігінің өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге Қазақстандық қоғамдық даму институты өкілдері мен Әзірбайжан Республикасы елшілігінің кеңесшісі Ровшан Кязимов мырза және үшінші хатшы Муса Джафаров мырза қатысты.

Өткізілген кездесудің негізгі мақсаты – елшілік өкілдерін институт жұмысымен таныстыру және болашақта тығыз қарым-қатынас орнату.

ҚҚДИ КеАҚ «Рухани жаңғыру» орталығының сараптау және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының басшысы Молдағалиев Серік Берікұлы барлық жобаларға жеке тоқтала өтіп, олардың іске асырылуымен және күтілетін нәтиже туралы айтты.

Сонымен қатар, Әзірбайжан Республикасы елшілігінің өкілі Ровшан Кязимов: «Ұлттық құндылықтарды насихаттау, тарихты естен шығармау және сол үшін жастармен жұмыс істеу біздің елде де маңызды. Осыған байланысты 2006 жылдан бері жобалар іске асуда. Және де біздің елде еріктілер жұмысы да қарқынды дамыған. Барлық жұмысты ұйымдастыру үшін «Фонд  Молодёжи» жұмыс істейді. Осы ұйымдар арқылы сіздермен тығыз жұмыс жасасақ деген ойдамыз. Тәжірибе алмасып, пікір бөліскендеріңізге өз ризашылығымызды білдіреміз», – деп өз сөзін қорытындылады.

Кездесу соңында екі жақ өзара тығыз жұмыс істеуге келісіп, алдағы уақытта болатын халықаралық іс-шараларға қатысуға ниетті екенін білдірді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button