Жаңалық

15 наурыз – тұтынушылар құқығын қорғау күні

Тарих беттерін парақтасақ бұл күннің шығу тарихи жайлы түрлі деректер бар. Кейбір деректерде тұтынушы нара­зылығы ең алғаш 1775 жылы Американың Массачусетс штатында тіркеліп, бұзылған тамақ сатқан адамды масқаралау бағанасына байлап қойған, сол кезден бастап тұтынушы құқығы қорғала басталған делінеді. Тағы бір деректерде АҚШ-тағы реформалар жетекшісі Джозефина Шоудың 1890 жылы құрған Нью-Йорк тұтынушылар лигасымен байланыстырады. Бұл ұйым Нью-Йорктегі әйел жұмысшылардың жалақысы мен жұмыс жағдайларын жақсартуға тырысты. Лига бөлшек сатушылармен ерекше айналысқан.

Дегенмен, қазіргі анықтамаларда бұл күнді АҚШ-тың бұрынғы президенті Джон Кеннедидің 1961 жылы 15 наурызда Конгресте тұтынушылардың құқы жайында сөйлеген сөзімен байланыстырады. Сол кезде АҚШ президенті тұтынушыларға адамдардың барлығының жататындығын айтып, тұтынушыларда ақпарат алу, қауіпсіздік, таңдау және хабардар болу құқықтарының болатындығын атап өткен еді. Кейіннен дүниежүзілік тұтынушылар құқығын қорғайтын ұйымдар бұл сөздерді өз манифестеріне айналдырып, біртіндеп тұтынушылар құқығы сегізге жетеді.

Қазақстанда 2019 жылы 10 шілдеде тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды. Комитеттің негізгі миссиясы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы тұтас және тиімді саясатты қалыптастыру болып табылады.

Сондай-ақ, тұтынушы құқығы бұзылса не істеу керек?

ҚР Сауда және интеграциялар министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «e-Tutynushy» сайтына шағым түсіруі қажет.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button