Редакция таңдауы Жаңалық

Наурыз мейрамында қай қалаларда автобус тегін жүреді?

Атырау мен Өскемен қаласында 22 наурыз күні қоғамдық көліктер тегін жүреді. Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі мен Өскемен қалалық Жолаушылар тасымалын басқару орталығы мәлім етті.

«Атырау қаласының әкімдігі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай тұрғындар мен қонақтарды қоғамдық көлікте тегін тасымалдау туралы бастама көтерді. Бұл бастамаға жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындардың басшылары қолдау білдірді. Әкімдік пен кәсіпорындар арасындағы келісімге сәйкес 22 наурызда Атырау қаласындағы барлық бағытта жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көліктерде жолақы тегін болады. Бұл мүмкіндікті жас ерекшелігіне қарамастан барлық жолаушы пайдалана алады», -деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ал, Өскемен қаласында мейрам күні 18 жасқа толмаған балалар автобустарда, шағын автобустар мен трамвайларда еш ақысыз тасымалданады. Акция 42 қалалық бағыттағы қоғамдық көліктерде жүреді. Атап айтқанда, №10, 5, 12, 17, 33, 42, 53, 67, 351, 71, 7, 27, 38, 47, 3, 13, 14, 24, 46, 58, 60, 352, 356, 2, 6, 6Б автобустары, №261, 262, 357, 224, 250, 256, 228, 229, 230, 246, 253, 255, 260, 260А шағын автобустары балалар үшін тегін қатынайды. Сондай-ақ №1, 3 және 4 бағыттағы трамвайлар кәмелеттік жасқа толмаған жолаушылардан ақы алмайды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button