Жаңалық Редакция таңдауы

Мемлекеттік органдардың миссияларын қайта қарау мәселесі талқыланды

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма Төрағасы Майгельдинов Қазбек Өмірзақұлы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысына қатысты.

Шара барысында Майгельдинов Қазбек Өмірзақұлы ҚҚДИ қызметі туралы қысқаша баяндама берді. Өз баяндамасында ҚҚДИ-ның 2021 жылғы негізгі нәтежелеріне тоқталып, оның негізгі басымдылықтарын атап өтті. Сонымен қатар, 2022 жылға қойылған жобалармен қысқаша таныстырып, оның маңыздылығына тоқталды.

2022 жылғы 28 наурызда Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыс «ZOOM» платформасы арқылы онлайн-форматта өтті.

Отырысты Қоғамдық кеңес төрағасы Мыңбай Дархан Қамзабекұлы ашты. Іс-шараға Қоғамдық кеңес мүшелері, министрліктің басшылық құрамы, үкіметтік емес ұйымдардың, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері және т. б. қатысты.

Отырыста мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар мен гранттардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі, мемлекеттік органдардың миссияларын қайта қарау, азаматтардың мемлекеттік аппараттың жұмысын түсінуі және «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ қызметі туралы мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, Қоғамдық кеңестің 3 жылдық жұмысының қорытындысы шығарылды.

Кезекті отырысты Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы бекітілгеннен кейін өткізу жоспарлануда.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button