ЖаңалықРедакция таңдауы

Sony-дің жаһандық стратегиясы қандай?

Sony Corporation (sony.com) – әлемдегі ең танымал компаниялардың бірі. Мультиұлттық конгломерат ретінде Жапонияда іргесі қаланып, 1946 жылы құрылды, штаб-пәтері Токиода (Конан, Минато) орналасқан.

Sony компаниясының жылдық сату көлемі 8 трлн жапон иенінен астам соманы құрайды (шамамен 72 млрд $), оның құрамына 125 000 қызметкері, жүзге жуық жаһандық еншілес ұйымы мен филиалдары кіреді. Sony жаһандық стратегиясы электроника, жартылай өткізгіштер, компьютер, видеоойындар және телекоммуникация салаларында жаңалық енгізуші болды.

Стратегиялық тұрғыдан, Sony өнімдері мен қызметтерін 12 негізгі бизнес сегментке: теледидар және видео, аудио, цифрлық камера, кәсіби өнімдер мен шешімдер, медицинада қолданылатын өнімдер, FelCa, жартылай өткізгіштер, смартфондар мен интернет, ойын және желілік қызметтер, фотосурет, музыка, қаржы қызметтеріне бөлуге болады. Осы 12 сегментті біріктіру жолында Sony-дің «технологияға, контентке және қызметтерге шексіз құштарлықты жаңашыл өзгеше қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күйге бөлену үшін пайдалануға» қатысты өзіндік көзқарасы бар. Көздеген миссиясы да айқын. Sony – «сіздің құштарлығыңызды оятып, жігерлендіретін компания».

Бұл стратегиялық құштарлық Sony-ді жетпіс жылдан астам уақыт бойы жаһандық жаңалық енгізуші ретінде паш етті. Мысалы, 1960 жылы Sony әлемдегі тұңғыш тікелей көріністі портативті транзисторлық теледидарды іске қосты және 1961 жылы транзисторға негізделген әлемдегі тұңғыш видеомагнитафон жасап шығарды. Келешекке арналған стратегия – үлкен экранды теледидарлар мен динамикалық дыбыстарды беретін визуалды эффектілердің керемет шынайылығы арқасында Sony көру қимылын «тамашалаудан» «сезінуге» айналдыруды жоспарлап отыр.

Sony 50 жылдан астам уақыт теле-радио хабарларын тарату және кәсіби өнім шығару саласында технологиялық артықшылығын шыңдады. Компанияның өнімдері кинофильмдер мен телевизиялық шоу-бағдарламалар түсірілімінде, сондай-ақ тікелей спорттық іс-шараларда кеңінен пайдаланылады. Бұл Sony үшін жаһандық нарықтың мол үлесіне қол жеткізу және телевизия саласындағы беделді – «Emmy» жүлдесіне ие болу мәртебесін сыйлады. Алға ілгерілей отырып, Sony компаниясы контент жасау саласында озық технологияларды енгізу арқылы әртүрлі тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын түпкілікті шешімдер арқасында стратегиялық тұрғыдан жаңа құндылықты назарға ұсынуға ерекше көңіл бөледі.

Sony-ге стратегиялық тұрғыдан ұзақ уақыт қызмет еткен 12 негізгі сегменттен басқа, компания жаңа бизнеске мүмкіндіктер тудыру үшін жаһандық бастамаларға белсене кірісіп жатыр. Компания инновацияларды енгізу үшін зерттеу және даму (R&D) және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарын жеделдетуде. Sony-дің бұл қадамы сәтті басталса, компания қолға алған инновациялар тұтынушы қажеттілігі мен мүдделерін қанағаттандыратын жаңа стратегиялық бизнес сегменттері болмақ. Sony алдағы мүмкіндіктерді стратегиялық тұрғыдан бағалап, ары қарай дамыту үшін оларды жаңа бизнес-венчурлар (Life Space UX, Seed Acceleration Program және Sports Entertainment) мен R&D мүмкіндіктеріне (Future Lab Program және Sony Computer Science Laboratories Inc.) бөліп тастады.

Коммерциялық венчур тарапынан Life Space UX – бірегей тәжірибемен қамтамасыз ету және адамның өмір сүру кеңістігін өзгертудің жаңа жолдарын іздестіру арқылы анықталған тұжырымдама. Seed Acceleration бағдарламасының мақсаты – қазіргі Sony-дің ұйымдық шеңберінен тыс жаңа бизнес-идеяларды жинау және дамыту (бұл көптеген ұйымның инновациялық жаңалықтарына өте ұқсас). Сонымен қатар күнделікті өмірдегі әртүрлі жағдайларды түрлендіруге арналған өнімдер мен қызметтер ауқымы арқасында, Sony спорттағы жаңалықтар мен тәжірибелерге негізделген жаңа коммерциялық ұйымға назар аударады.

«Future Lab» бағдарламасы – Sony компаниясының зерттеу және дамуға (R8D) жұмылдырған ірі инвестицияларының бір бөлігі. Оның түпкі мақсаты клиенттерге өмір сүрудің жаңа формасын және тың құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған ашық шығармашылық ортаға және қоғаммен тікелей байланыс желілеріне баса назар аударатын технологиялық зерттеу және дамуды көздейді. Sony Computer Science Laboratories Inc. компаниясының (көбіне Sony CSL деп қысқа айтылады) құны адамзат пен қоғамға, жаңа ғылым мен технологияға, өнеркәсіптік прогреске және өнімді дамытуға үлес қосатын жетістіктері негізінде бағаланады.

Дереккөз:

  1. Anousha Sakoui and Yuji Nakamura,«Sony CEO Heads to Hollywood in Push to Revive Movie Studio», Bloomberg Businessweek, January 31, 2017;
  2. «New Business and R&D», March 22, 2017 (sony.net/SonyInfo/CorporateInfo/newbusiness);
  3. «Here‘s Sony’s New Business Strategy», The Economist, February 21, 2015;
  4. «Sony Global Corporate Strategy», June 29, 2016 (sony.net/SonyInfo/IR/strategy).*«New Business and R&D», March 22, 2017 (sony.net/SonyInfo/CorporateInfo/newbusiness).

 

Басқа материалдар

Back to top button