Жаңалық Редакция таңдауы

EXPO Dubai: Қазақстан павильоны жеңімпаз атанды

30 наурыз күні Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) күні аясында Дүниежүзілік EXPO 2020 Dubai көрмесінің жұмысы қортындыланып, EXPO Awards марапаттарын тапсыру рәсімі өтті.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны әлемнің 192 елі арасында 2-орынға ие болды және басты жүлде «Көрме тақырыбын ашу» аталымы бойынша күміс жүлде алды»,- деп «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» АҚ мәлімдеді.

Сонымен қатар, Қазақстан павильоны халықаралық Exhibitor Magazine журналының нұсқасы бойынша Best Presentation номинациясында бірінші орынды және Best Large Pavilion номинациясында үшінші орынды жеңіп алды.

Қазақстан павильоны EXPO 2020 Dubai көрмесінде Топ-10 павильондары қатарында. Жалпы, көрме ашылғалы павильонды 1 млн 617 мың адам тамашалаған.

«Көрме тақырыбын ашу» аталымы бойынша бірінші орынды – Германия, үшінші орынды Италия иеленді.

Еске сала кетейік, EXPO-2020 көрмесінде Қазақстан павильоны «Әлем бейнесі» арт-жобасымен Гиннестің рекордтар кітабына енген еді.

 

 

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button