Жаңалық Редакция таңдауы

Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына 4,5 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

2020-2021 оқу жылында қазақстандық 26 оқушы беделді халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Президент дарынды балаларды, сондай-ақ олардың педагогтарын жан-жақты қолдау міндетін қойды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова мәлімдеді.

Мектептегі білім берудің сапасы мен тиімділігін сипаттайтын негізгі параметрлердің бірі оқушыларды республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатыстыру болып табылады.

«Қазіргі уақытта білім және ғылым министрлігі нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу арқылы критерийлер мен тізімдер әзірлеуде. Арнайы тізімге енген олимпиадалар мен шығармашылық сайыстардың, спорттық жарыстардың жүлдегерлері болашақта жоғарғы оқу орындарына конкурссыз түсе алатын болады. Соңғы үш жылда оқушылар жеңімпаз атанған жағдайда, олар да осы ерекшелікке және ынталандыру бағытына қатыса алады. Бірақ өздерінің қатысқан пәндері болашақта ЖОО-ға түсетін профиліне сәйкес болуы тиіс», – деді ведомство өкілі.


Сонымен қатар, ынталандыру мақсатында жеңімпаз атанған оқушыларға және олардың мұғалімдеріне бір жолғы сыйақы беріледі.

«Халықаралық олимпиадалардың алтын медаль иегеріне – 1500 АЕК, күміс медаль – 1000 АЕК, қола медаль иегеріне – 500 АЕК мөлшерінде сыйлық беріледі. Ал педагогтары тиісінше, 150, 100, 50 АЕК мөлшерінде ала алады. Қазіргі таңда бұл нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Ол Сенаттың қарауына берілді. Бұл норма бекітілгеннен кейін ол іске асырылатын болады», – деді комитет төрайымы.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button