Жаңалық «Рухани жаңғыру» аймақтарда

Қайырымдылық - қайырлы іс

Қазіргі таңда біздің қоғамда әлеуметтік жағынан аз қамтылған, асыраушысынан айырылған қарттар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы, мүгедек, тұрмысы төмен отбасылар аз емес екені баршамызға мәлім. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
Осыған орай, «Қайырымды Ұлт» қайырымдылық акциясы шеңберінде мұқтаж жандарға қамқорлық жасау мақсатында көпбалалы Сайран Сариеваның отбасын Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Асулан Каримов Наурыз мейрамымен құттықтап, сый-құрмет көрсетілді.


Сонымен қатар, департаментінің ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдерімен аталған акция аясында өңірдегі аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды, ерекше қажеттілігі бар адамдарды, қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдауға бағытталған қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды.

Аталған қайырымдылық акциясы Әділет департаменті үшін жыл сайынғы дәстүрге айналуда.
Бұл – халқымыздың асыл қасиеттерін дәріптеп, көпшілікті жақсылық жасауға жұмылдыратын жалпыұлттық жоба. Біз осы акция шеңберінде әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ қарттар үйі мен балалар үйлеріне әрдайым көмектесу − азаматтық борышымыз деп білеміз.

Атырау облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button