Редакция таңдауы Жаңалық

Зеренді ауданында «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтті

Бүгін Ақмола облысының Зеренді ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылауға арналған «Sarap» эксперттік клубының отырысы өтті.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қадыров Данияр Рамазанұлы, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» КеАҚ Проректоры Байтоқ Ғалым Симбекұлы, «Қазақстан қоғамдық даму институтының» КеАҚ Басқарма Төрағасы Майгельдинов Қазбек Өмірзақұлы, сондай-ақ аудан белсенділері мен тұрғындары қатысты.

«Sarap» эксперттік клубының отырысын Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қадыров Данияр Рамазанұлы ашты. Елбасы Жолдауын өз мекемелерінде қалай жүзеге асыратындығы туралы сөз қозғады. Данияр Қадыровтың айтуынша, БАҚ туралы заң мемлекет пен қоғамның мүддесін ескере отырып қайта қаралады. Сонымен қатар, Ұлттық Құрылтайдың құрылуы ашық қоғамды қалыптастырудағы және «естуші мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудағы маңызды қадам болып табылатындығы мен оны құруға республиканың түкпір-түкпірінен және әртүрлі облыстардағы азаматтық қоғам өкілдерінің барынша көп саны тартылатындығын атап өтті.

«Қазақстандық қоғамдық даму институтының» КеАҚ Басқарма Төрағасы Қазбек Майгельдинов өз сөзінде Мемлекет басшысының идеялары төңірегінде топтасып, жастардың өз әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беру керектігін айтты.

«Елімізде көппартиялық жүйе мен пікірлер плюрализмін дамыту үшін заңнамалық деңгейде нақты алғышарттар жасалуда. Бұл барлық партияларға билік үшін күресте, сайлаушылармен жұмыс атқаруда нағыз бәсекелестік уақыты келгенінің  белгісі».

Өз кезегінде «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» КеАҚ Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі Проректоры Ғалым Байтоқ еліміздің әкімшілік-территориялық құрылымы туралы өз пікірін білдірді.

«Қазақстанның шығысындағы өлке ұлы Абайдың атымен аталса, Жетісу деген әсем атау оңтүстіктегі жаңа өлкенің атауында көрініс тапты. Ал, Қызылжар ше? 1925 жылы Петропавлдағы орыс большевиктері бұл қаланы Қызылжар деп өзгерткенін білесіз бе? Солтүстік Қазақстанның облыс орталығына бұрынғы атауды қайтару – халқымыз үшін орасан зор идеологиялық, ең бастысы, символдық мән. Біз тарихымызды қайтарғымыз келеді».

Эксперттік клубтың отырысында қатысушылар Мемлекет басшысы Жолдауын жүйелі жаңғыртуға өз пікірлерін белсенді білдіріп, еліміздің өткен саясаты мен алдағы мақсаттарына тоқталып, елді одан әрі дамытуға, адам құқықтарын қорғауға бағытталған бастамаларын, сондай-ақ, Жолдауда белгіленген міндеттерді шешу жолдарын талқылады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button