Жаңалық Редакция таңдауы

Отбасында әдептіліктің қандай ережелері сақталуы керек?

Өзек қуа ағады, Өзен судың саласы. Алыстан сәлем береді, Әдепті елдің баласы, - осындай қазақ халқының қанатты сөздеріне, аталы сөздеріне таң қалмасқа болмайды. Қазақ халқынаң сонау тамыры терең көшпелілер мәдениетінен нәр алып, сан ғасырлар бойында сан алуан моральдық – этикалық тәнім түсініктеріне аса назар аударғанын аңғаруымызға болады.

Қазіргі таңда, қарыштап дамыған өркениетке ілесеміз деп осынау жақсы қасиетімізден айырылып бара жатқандаймыз. Мамандар «ас болсын, рақмет, кешіріңіз, өтінемін, қайырлы таң, қайырлы түн» сынды сөздер адамдар арасында қолданысы азайып жатқандығын айтуда. Осының барлығы отбасындағы әдептен басталатынын ескере отырып, бүгінгі  әдеп жайындағы айдарымызды отбасындағы әдептілік ережелерінен бастауды ұйғардық.

Отбасы этикетінде балалармен қарым-қатынас орнатуға көп көңіл бөлінеді, оған ақыл айтпас бұрын әрбір ата-ана өз әрекеттерін қадағалауы тиіс. Баланы қанша үйреткенімен ол үлкендердің ісің қайталайды. Сол себепті қызыңызға не ұлыңызға жаман әдеттерді қою керек дер алдында өзіңіз оларға үлгі болуды ұмытпаңыз.

Бөтен адамдардың көзінше балаларға сын айтпаңыз. Мұндай әрекет олардың намысына тиеді. Әсіресе жасөспірімдерді ренжітіп алу қиынға соқпайды. Олардың қалталарын тексеріп, сөмкесі мен ұялы телефонына қол сұғудың қажеті жоқ. Әйтпесе, баланың сенімін жоғалтып алуыңыз ықтимал. Бала өсе келе оның бөлмесіне кірмес бұрын есікті қағыңыз.

Балаңыз өз ойыншықтарын жинап қойса, оны мақтаудан шаршамаңыз. Жарыңыз үй шаруашылығында жәрдемдессе, ал жұбайыңыз бен анаңыз дәмді ас әзірлесе алғысыңызды білдіріп қойыңыз.

Мақтау арқылы кез-келген адамды бақытты етуге болады. Көзделген мақсаттарға да жетуге өз септігін тигізеді. Сол себепті жақындарыңызды көп мақтауға тырысыңыз.

Лақап аттармен еркелететін сөздерді тек жақындар арасында айтқан жөн. Үлкен кісілерге қатысты мұндай атауларды қолданбаған абзал. Оны естіген бөтен адамдар сізді түсінбей қалуы мүмкін.

Жарыңыз жаныңызда болмаса басқалардың көзінше оны «күйеуім» немесе «әйелім» деп есімін атамауға болмайды, адам атын жиірек айтқан жөн. Бұл ереже ата-ана, келін, қайын сіңіліге де қатысты.

Ерлі зайыптылар арасындағы қарым-қатынас балалардың сана-сезімінің қалыптасуына тікелей әсер етеді. Егер екі адамның арасында жан-жал болып қалса психологтар бұл кезде балаға ешбір нәрсені білдіртпеуге кеңес береді. Жағдайды білдіртпеу мүмкін болмаса бәрін өркениетті түрді шешу керек, сонда бүлдіршін кез-келген түйткілді дауыс көтермей-ақ реттеуге болатынын аңғарады.Одан кейін балаға мәселе өз шешімін тапқаны жайлы хабарлаған жөн.

Мықты отбасын құру үшін ортақ дәстүрлер қажет. Бірге киноға, театрға немесе мейрамханаға жиі барып тұру керек. Ер адам шын пейілмен жарына қолғабыс болып, жәрдем беруі тиіс.

Бөтен адамдардың жанында бір-біріңізге сын айтуға қатаң тыйым салынған. Жеке заттар мен электронды жазбаларды тексеру әдепсіздік болып саналады.

Бақытты отбасын құру үшін үйде болып жатқан жағдай жайында басқаларға айтпаған жөн. Іштегі түйткілдерді өзара шешіп алған дұрыс. Балалардың көзінше жақындарыңыз немесе достарыңыз жайлы әңгіме айтпаңыздар. Әйтпесе, кейін оны бала байқамай басқа жерде айтып қалауы мүмкін.

Үй ішінде сақталатын ережелердің бастысы ол отбасының маңыздылығы. Құрмет, дәстүр және қамқорлықтың арқасында балалар бақытты, дені сау болып өседі. Сол себепті этикет ережелерін есте ұстайық.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button