Жаңалық Редакция таңдауы

Қоғамдық кеңестің Мәслихаттан айырмашылығы неде?

Бүгін «Мемлекет басшысының саяси реформалары» тақырыбында «ҚСЗИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» Ұлттық сараптамалық алаңының отырысы өтті.

Отырысқа «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма Төрағасы Майгельдинов Қазбек Өмірзақұлы, белгілі саясаткерлер, саяси партиялардың жетекшілері, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты.

ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымовтың модераторлығымен өткен «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» Ұлттық сараптамалық алаңы Мемлекет басшысының Жолдауына және Қазақстан билік институттарын трансформациялауға арналды.

Іс-шара барысында «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма Төрағасы Қазбек Майгелдинов Мемлекет басшысы Қоғамдық кеңестердің жұмысын қайта қарауды тапсырғанын баса айтты.

«Бізде Қоғамдық кеңес бар, Мәслихат бар, басқа да кеңестер бар. Олардың функционалдық айырмашылығы неде? Қоғамдық кеңес құрылғанда оның Мәслихаттан айырмашылығы неде деген сауалдар туындады. Әрине, бақылау – азаматтарды саяси үдерістерге қатысуға ынталандыратын өте қуатты бастама. Дегенмен, олардың ерекшеліктері мен функционалдық міндеттерін ажырата білу керек. Сонда ғана азаматтар қандай кеңеске кіру керек, қандай мүмкіндіктер бар, мәселелері қайда шешілетінін түсінеді. Сондықтан, әсіресе, өңірлерде осындай алаңдар арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізсек, саяси белсенділік пен саяси мәдениетті қалыптастыруға өз үлесімізді қосамыз», – деді КеАҚ Басқарма Төрағасы Қазбек Майгелдинов.

Сонымен қатар, ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов өз сөзінде «КИСИ GPS» Ұлттық сараптама алаңы елдің дамуы мәселелері бойынша жаңа мағыналарды қалыптастыруға, тың идеяларды іздеуге мүмкіндік беретінін айтты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button