Жаңалық Редакция таңдауы

Сән әлемінде 2022 жылы қандай түс трендте?

«Сән дегеніміздің өзі уақыт өте келе сән әлемінен ығыстырылып жатқан нәрсе»,- деген екен сән әлемінде революция жасаған Коко Шанель. Бүгінгі күні сән үлгісі өзіңдік стиль мен әркімнің тәуелсіз талғамына сүйенуімен ерекше.

Қанша уақыт өтсе де, әлемді құтқаратын сұлулыққа құштарлық, сән әлеміндегі өзгеріс көпшілікті толғандыратын мәңгілік тақырыптардың бірі болып қала беретіні мәлім. Қазір ақпарат ағынында уақыт өткен сайын жаңалық ескіретіні сияқты, киім мен сән де жылдам құбылуда. Соған байланысты сән әлемінің мамандары жыл сайын трендте болатын «жыл түсі» мен «жыл стилін» таңдап, қандай түстерді үйлестіруге болатынын айтады. Бүгін біз сіздерге 2022 жылы сәнде қандай түстердің болатыны туралы ақпаратты ұсынамыз.

Pantone Color Institute 2000 жылдан бері трендте болатын түстерді анықтап келеді. Олар өз зерттеулерін әр жылдың желтоқсан айында жариялайды. Биыл Америкалық Who What Wear брендінің стилистері Pantone Color Institute мәліметтеріне сүйене отырып, жылдың басты түсі деп көк пен күлгін түстің қосындысы, яғни Very Peri деп аталатын түсті таңдады.

Сонымен қатар, 2022 жылдың көктем-жазындағы тренд түстерінің көпшілігі өте ашық және қанық түсті. Олардың қатарына ашық қызғылт түсті Innuendo, Dahlia (dahlia) – күлгін және Coral Rose – қызғылт сары реңктері,  қанық сары (Daffodil), Fragile Sprout – жасыл реңк, көктің екі реңктері (Skydiver және Super Sonic), мұзды көлдің түсі (Glacier Lake) және теңіз түсі (Harbor Blue) кіреді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button